Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматыда жолақысын төлемегені үшін 17 жастағы жасөспірімді полиция өкілдері ұстап алып кеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Желі қолданушысы кішігірім түсінбестік болғанын желіде хабарлаған

“Әріптесімнің ұлы автобуста кетіп бара жатыпты, жолақысын төлемепті. Әкесіне хабарласып, ONAY-ға ақша сал деп айтқан екен. Әкесі нысанда жұмыс істейді, құрылысшы. Ол салам дегенше ұлын Бостандық АІІБ-не алып кеткен”, – деп жазды желі қолданушысы Елдос Өмірзақ.

Оның сөзінше, баланы бірнеше сағат бойы 80 теңге төлемегендіктен АІІБ-де ұстаған.

Өзге де желі қолданушылары оқиғаға қатысты жолаушылардың өздерін де, полицияны да кінә тағып, пікір жазды.

“Сұмдық жағдай. Жолаушылардың ешбірі осы бір көріністі көре отыра, баланы қорғап, жолақысын төлей салмағаны түсініксіз”, – деді Татяна Ткаченко.

“Кез келген дамыған елде полиция қызметкері баланың жолақысын өзі төлеп, үйіне апарып, ата-анасына ұсыныс айтатын. Міне, қызметтік полицияның түрі, заң қызметкерлеріне қарапайым дағдылармен қатар психология негіздері, қарым-қатынас дағдылары мен этиканы да үйрету керек”, – деді Жанна Спунер.

Алматы қаласы полиция департаменті өкілі Рустам Әбдірахманов мәселенің шешілгенін хабарлады.

“Расында да, полиция «102» нөміріне қоңырау шалу бойынша оқиға орнына келген. Енді баланы анасының жұмысына апара жатырмыз. Бала заңды өкіліне беріледі”, – деді ол.

Кейінірек Әбдірахманов жасөспірімнің анасына табысталғанын қосымша хабарлады.

 

 

Рубрика: