Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Әлеуметтік желіде 52 жастағы әйелдің ұзатылған видеосы пайда болды. Күйеу жігіт қалыңдығын жас қыздай көтеріп алып кетті, деп хабарлайды Экспресс К.

Ұзату тойдың видеосы Instagram-дағы kuralayseysenbekkyzy парақшасында жарияланды. Онда 52 жастағы әйелді туған-туыстары сән-салтанатымен ұзатып жатыр. Ал күйеу жігіт қалыңдығын көлікке қарай көтеріп алып кетті. Жігіт ағасының жасы нешеде екені, тойдың еліміздің қай өңірінде өткені әзірге белгісіз.

Ал желі қолданушылары: «Екі жас бақытты болсын», «Махаббат жасқа қарамайды», «Ағам красавчик екен», «Алла ұзағынан сүйіндірсін, бар бақыттары баянды болсын»,

— деп түрлі пікір қалдырған.

Рубрика: