Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Алматы полициясы 45 жастағы әйел басқарған пәтер ұрыларын ұстады деп хабарлайды Polisia.kz. Қылмыстық топ басшысының «көмекшілері» бұрын сотталған екі ер адам болыпты. Олар пәтер тонаумен айналысқан.

«Қазіргі уақытта қылмыстық үштікке қатысты қала аумағында жасалған бес ұрлық эпизоды бар. Күдіктілерді әшкерелеуге арналған арнайы іс-шара өткен күні жүргізілді. Кезекті ұрлық жасағаннан кейін олар бірден ұсталды. Ұрылар мінген Nexia көлігі жеке секторда бұғатталды. Ұсталғандардан заттай айғақтар: гитара, нарда, бірнеше телефон және бағалы заттар табылды. Сонымен қатар, жасанды шаш, әмиян және кілттер анықталды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Берік Әбілбеков. Спикердің айтуынша, “криминалдық үштіктің” соңғы қылмысы Өжет шағын ауданында жасалған.

Олар бөтен біреудің үйіне терезе арқылы кірген. «Олар стандартты түрде әрекет еткен: тұрғын үйге кірер алдында үй иелерінің бар-жоғын тексеріп, содан кейін ғана құлыпты ашады. Одан соң үйдегі барлық құнды затты: ақшаны, шағын құрал-жабдықтарды, түрлі зергерлік бұйымдарды алып шығады. Екеуі ұрлық жасап жатқанда, үшіншісі көлікте күткен, былайша айтқанда қауіпсіздікті бақылап тұрған.

Күдіктілер — 45 жастағы Х. есімді азаматша және 44 жастағы К. есімді азамат бұрын осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін сотты болған, ал үшінші қатысушы 35 жастағы азамат бірінші рет «қылмыстық жолға» түскен. Қазіргі уақытта пәтер ұрлығына қатысушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, олардың басқа да қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғы анықталуда», – деді Әбілбеков.

kaz.nur.kz

 

Рубрика: