Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Түркістан облысында 17 жастағы қызды 17 адам жабылып зорлады деген ақпарат елді дүрліктірген еді. Осыған байланысты оқушы тілшілерге сұхбат беріп, оқиғаның қалай болғанын баяндады, деп хабарлайды Астана телеарнасы. Жәбірленуші Дильноздың айтуынша, сол күні ол сыныптас қыздарымен базарға киім көруге барған. Қайтар жолда танысы үйіңе жеткізіп салам деп көлігіне мінгізіп алған. Айтуынша, танысы оған жолда ішуге су ұсынған.

 Әрі қарай ештеңе білмейді. Тек есін жиғанда өзен жағасында тыр жалаңаш жатқанын көрген. «Бірінші судың алдында зорлады. Кейін бір үйге апарды, үйде зорлады, балаларды шақырды сол жақта да, кейін огородқа апарды. Сол жақтан кейін тағы бір үйге келдік. Звондап шақырып беріп жібереді.

Звондайды да шақырады. Береді. Кетеді ол. Келеді олар. Көреді. Жұмысын бітіреді. Кетеді. Тағы сөйтіп шақыра береді балаларды», — деді зардап шегуші Дильноз. Төрт күннің ішінде кемі 17 еркек келді дейді Дильноз.

Бәрінің түрін танып, атын жаттап үлгеріпті. Айтуынша, олар қыздың қарсылық танытқанына қарамай, қатты қорқытқан. «Кетсең өлтіріп суға тастап кетеміз деді. Ешкім таппайды сені деді. Іздеп те таба алмайды деді. Қорықтым», — деді жәбірленуші. 4 күн жоғалып, үйіне келген қызының түрін анасы Санавар ешқашан ұмытпайтынын айтады.   Сөзінше, соқталдай жігіттер оны мүлдем аямаған. Матап байлағаннан білегі көгеріп, көйлегінің дал-дұлы шыққан көрінеді.  Қыздың анасы бұл сұмдық мамыр айында болғанмен әлі күдіктілер бостандықта жүр деп ашынады. Келіншек істі созбалаңға салуға полиция өкілдерінің бір қатысы бар ма деп те қауіптенеді. Санавардың айтуынша, әу баста кешірім сұрап қайта-қайта келгендер моральдық шығын ретінде 8 млн теңге ұсынған. Оны жасырмаймын дейді.

Бірақ «қызыңның болашағын ойла, оқуға түсіріп, куәлігін алып береміз» дегендер кешірім алғасын уәдеде тұрмапты. Жәбірленушінің  қорғаушысы іс қысқармағанымен тым созылып кетті дейді. Сондай-ақ, басында-ақ сараптама дұрыс жасалмағанын айтады. 

«Бірінші сараптамамен келіспей, біз қосымша сараптамаға деп арыз жазып қойдық. Енді келешекте қосымша басқа сарапталармен келіспеген жағдайда және қосымша сараптама тағайындауға жазатын шығармыз. Алайда біз әлі сараптамалармен толық танысқан жоқпыз, толығымен. Олар әлі сараптама жүргізіп жатыр. Сондықтан біз әлі танысқан жоқпыз», — деді адвокат Асылбек Қабылов. Ал полиция алғашқыда бұл істі «адам ұрлау» бабымен тіркеген, қазір «зорлау» бабымен қайта тергеп жатыр.

«Түркістан облысы полиция департаменті тергеу басқармасымен қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бірнеше сараптамалар тағайындалған. Қорытындысы бойынша нақты процессуалдық шешім қабылданатын болады». — деді облстық ПД ресми өкілі Салтанат Қаракөзова. Жәбірленуші тарап полицияның қабылдауында болған. Адвокаттың айтуынша, күдіктілермен  беттескен. Ал негізгі айғақ — қыздың киімдері қазір жоқ.

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: