Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қайрат Жолдыбайұлы өз инстаграм парақшасына мешіт туралы тақырыпқа досымен болған сұхбат барысын жариялады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы. 

«— Ұрлық ақшаға мешіт салуға бола ма?
— Болады. Бірақ сауабы жоқ. Құдайды ешкім алдай алмайды.
— Сонда ондай мешітте намаз оқуға болмай ма?
— Болады. Өйткені ол ұрлық ақша әу баста халықтікі болған.
— Сіз өзіңіз сол мешітте намаз оқыр ма едіңіз?
— Жолым түссе, міндетті түрде оқимын.
— Мешітке жұрт неліктен қарсы болып жатыр?
— Себебі 30 жыл елді тонағандарға деген реніш мешітке көлеңке түсірді.
— “Мешіттің орнына зауыт, мектеп салу керек еді” дейтіндер бар.
— Мешіт те, мектеп те, зауыт та қажет. Бір-біріне қарсы қоймау керек. Бірақ тек мешіт салсам ғана, сауап аламын деу қате. Халыққа қажет, пайдалы кез-келген дүниені жасау құлшылық һәм үлкен сауап. Кәсіпкерлер “Гарвард” секілді ғылым ордалары мен “Наса” секілді зертханаларды құрып жатса, мың мешітке бергісіз сауап іс болар еді.
— Шетелден бірқатар мүфтилер қатысты. Ал біздің мүфти төбе көрсеткен жоқ. Неліктен?
— Діннің саясиланғандығының көрінісі.
— Бұл протест болса, шетелдік мүфтилерді шақырмау керек еді. Ал шақырып алып, өзің бармау кем дегенде сол мүфтилерге құрметсіздік һәм ұят нәрсе емес пе?
— Ұят нәрсе.
— Мүфти ауырып қалды деген ақпарат шықты. Егер Тоқаев қатысқанда, ауырып қалдым деп қатысудан бас тартар ма еді?
— Жоқ. Қызуы көтеріліп, басы айналып тұрса да, шұғыл ем-дом жасап, система құйып бір-екі сағатқа келіп, қатысар еді.
— Болашақ не болады?
— Егер президент батыл һәм әділ болса, жақсы болады деген үміт бар. Бірақ жаралы қасқырлардың қайта шабуынан аса сақ болған жөн.

Бір танысыммен сұқбатымыз осындай рәуіште өрбіді»,- деп жазды ол.

Естеріңізге сала кетейік, кеше экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азиядағы ең үлкен көлемдегі мешітті салғызып, кеше ашылу салтанаты болған еді. Халықтың жарты бөлігі мешітке қарсылықтарын білдіруде. 

«Адырна» ұлттық порталы 

Рубрика: