АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]«3,5 млрд теңге»: Назарбаев Астана маңындағы саяжайын сатылымға шығарды[:]

[:kz]

 

Жүзу бассейні Олимпиадаға дайындау орталықтарынікімен бірдей, соңғы технологиялар бойынша жеке станция орнатылған. Үйде әуесқойлар үшін өте қымбат пианино бар.

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Нұр-Сұлтан маңындағы саяжайы 3,5 млрд теңгеге сатылымға шығарылды.

Бұл туралы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы фонд-бюросы» telegram-арнасы хабарлайды.

Krisha.kz сайтында гольф клубы бар резиденцияны (1600 шаршы метр) 3,5 миллиард теңгеге сату туралы хабарландыру пайда болды.

Нысандардың орналасқан жері мен қолжетімділігі Нұрсұлтан Назарбаевтың саяжайымен сәйкес келеді.

«ТАМАША РЕЗИДЕНЦИЯ. Иелері өздері үшін салған, құрылысшылар мен дизайнерлер Италиядан шақырылған. Жүзу бассейні Олимпиадаға дайындау орталықтарынікімен бірдей, соңғы технологиялар бойынша жеке станция орнатылған. Үйде әуесқойлар үшін өте қымбат пианино бар. Үй дизайны нео-классикалық түрге жатады. Аумақта шале стиліндегі екінші қонақ үй бар. Өз бау-бақшасы немесе орман-тоғай алқабы бар. Нұра өзенінің жағасында суға түсуге арналған жағажайы (пирс) бар 1 гектар жер учаскесі» делінген хабарламада.

Дереккөз: orda.kz

 
 

[:]