Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Отандасымыз Жібек Құлымбетова джиу-джиутсу сайысынан 44 келіге дейінгі салмақта күш сынаған. 14 жасар спортшы БАӘ, Ресей, Тайландтан келген қарсыластарының барлығын тізе бүктірді, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

Бозкілемдегі кездесуде «тұншықтыру» тәсілін қолданған отандасымыз барлық жекпе-жегін мерзімінен бұрын аяқтап отырған, — деп мәлімдейді sports.kz агенттігі.

Жібек 14 қарашада Біріккен Араб әмірлігінде өтетін «Abu-Dhabi World Jiu-Jitsu Championship-2021» турниріне қатысуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ Мәскеуде жоспарланған сайысқа да қатысуға ынтасы бар.

Жерлесіміз бұған дейін 2018, 2019 жылдары әлем чемпионы атанған.

Бұл жолы да 30-дан астам елден жиналған спортшылардың арасынан 14 жасар қазақ қызы суырылып шықты. Сондай-ақ бұл жарыста Жібектен өзге, тағы бірнеше спортшымыз жүлделі орынға ие болды. Олар — Нұрай Алтынбек — алтын (40 кг), Райымбек Ержан — қола (50 кг), Дарина Жұмаш — күміс (57 кг), Айнұр Байғожа — күміс (70 кг), Серікжан Мағаз — күміс (94 кг) медальға ие болып, ел намысын қорғады.

Рубрика: