Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

Қазақстандық гимнаст, 11 жасар Ислам Қабдолов батуттағы гимнастикадан әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Olympic.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бакуде батуттағы гимнастикадан жас топтары арасында 28-ші әлем чемпионаты өтуде. Қазақстандық гимнаст Ислам Қабдолов (11-12 жас) акробатикалық жолда секіруден алтын медаль иеленді.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Kazakhstan Gymnastics🇰🇿 (@kazgymfederation)

Финалда Ислам Ресей, Бельгия, Израиль, Португалия және Оңтүстік Африка елдерінің спортшыларын басып озды.

Қазақстан гимнастика федерациясының мәліметінше, Ислам Қабдолов 2009 жылы 16 желтоқсанда Орал қаласында дүниеге келген. Тілепқалиев Альберт Рахметоллаұлы жетекшілік ететін балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттығады.

 

kaz.nur.kz

 

Рубрика: