Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

21 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатып алуға тыйым салынады.

1 шілдеден бастап қазақстандық сатушыларға темекі өнімдерін сөрелерде ашық көрсетуге тыйым салынады. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодексте жаңа норма күшіне енді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жаңа ережелерге сәйкес, Қазақстанда темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрон тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды ашық көрсете отырып сатуға тыйым салынады.

Темекі өнімдері туралы ақпарат дүкендерде көлемі 40х30 сантиметрден аспайтын ақ қағазда, қара түсті бірдей әріптермен және сатылатын өнім тізімі мен бағасы алфавит бойынша қандай да бір графикалық бейнелер мен суреттерді пайдаланбай жазылуы тиіс. 

Айта кетейік, Қазақстанда электрон сигареттер, темекі қыздыру жүйелері мен кальяндар әдеттегі сигареттерге теңестірілген.

21 жасқа толмаған адамдарға темекі өнімдерін сатып алуға тыйым салынады.
 

Рубрика: