Sorry, this entry is only available in Казахский For the sake of viewer convenience, the content is shown below in the alternative language. You may click the link to switch the active language.

 

Басқа өңірлерде не болып жатқаны бізге беймәлім, елордада ешкім санитарлық талаптарды сақтап жатқан жоқ, деп хабарлайды Mnews.kz тілшісі.

Жаңа оқу жылы штаттық режимде, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып басталуы тиіс.

Қазақстанда 1 сынып оқушылары үшін алғашқы қоңырау ұйымдастыруға рұқсат берілді. Алайда ата-аналар да, балалар да әлеуметтік арақашықтықты сақтап тұрған жоқ, медициналық масканы біреуі тақса, екіншісі тақпаған. Мектеп алды ығы-жығы.

Білім және ғылым министрлігі мен Денсаулық сақтау министрлігі осындай бұқаралық шара ұйымдастыруға рұқсат бергенде шектеу шараларын неге қатаң ескермеген екен?

1 мектеп оқушысының соңынан үйіндегі 3-4 адам еріп келген – бұл ел ордасы Нұр-Сұлтандағы жағдай. Оқу басталмай жатып, карантинге жабылып қалмаса болар еді.

Сондай-ақ, барлық мектеп персоналы мен мұғалімдер коронавирусқа қарсы вакцина алуға міндеттелді, басым бөлігі екпені алды.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында Қазақстанның 7 475 мектебінде 3,4 миллионнан астам бала оқиды, бірінші сыныпқа 380 мыңнан астам адам барады.

 
 
 

Рубрика: