11 января, 2017 3 комментария

Жиналыста ұялысы ойнаған шенеунік Даниал Ахметовтың ашуын келтірді

5539d98f4b1a4Шенеуніктердің бірі оятқыш қойса, енді бірі облыстық әкімнің тапсырмасын елемейді деп хабарлайды ratel.kz. Шығыс Қазақстанның облыстық әкімдігінде өткен жиналыс барысында кімнің қай уақытқа оятқышты қоятыны, кім басшылықтың тапсырмасын орындамайтыны және Өскеменнің жаңа орталығы қайда болатыны белгілі болды. Әкімдік отырысында гаджеттің қажеті не? Жиналыста салмақты мәселелер қаралды. ШҚО өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, салынған тұрғын үй мен әлеуметтік нысандар, жергілікті спортшылардың алдағы өтетін Универсиада мен Азиадаға дайындығы сөз болды. Десек те, ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен жиналыстағы шенеуніктердің ойы үнемі басқаға бөлініп отырды. Оның ішінде облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтановтың телефоны бірнеше мәрте шырылдағаны да бар
.7d1590a3956415f4af110e96b83259e047ff71a2Серік Ақтанов (фотода) оятқыш қойғанын айтып, ақталды. «Егер мемлекеттік қызметкерлердің оятқышы таңғы он бір жарымда шырылдаса, бұл көрсеткіш» деді Даниал Ахметов. Осыдан кейін жиналыс телефонның шырылынсыз өтті. Соған қарағанда басқалары телефондарын дыбыссыз режимге қойып үлгерген болуы керек. Тікелей тапсырма орындалмаған жағдайда бірқатар шенеунік жазаланатыны белгілі болды. Құрылыс, сәулет басшылары және Өскеменнің екі ірі қалаларының әкімдері сынға алынды. «2016 жылдың екінші жартысында неліктен барлық көп қабатты үйлердің құрылыс жобасында бір пәтерге бір жарым тұрақ қарастырып, көлік жүретін жерді кеңейту туралы менің тапсырмам орындалмаған? Мен тапсырма берсем, сіздер оны орындамаудың себептерін іздейсіздер. Мен бұл тапсырманы 2015 жылдың тамыз айында бергенмін. Егер тағы да іс нәтижесіз қалса Өскемен әкімі Ерлан Аймұқашев пен Семей әкімі Ермак Сәлімов жапа шегеді» деп облыс әкім ескерту жасады. Бұған дейін де бірқатар шенеуніктер басшылық тапсырмасын орындамай, тексерілмеген ақпарат беріп, кейбір дәйектерді жасырып отырған. Кейбірі отставкаға кеткен. Бұрынғы мемлекеттік қызметкерлердің тағдырын қайталамауы үшін Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев шұғыл түрде көлік қамсыздандыруының схемасын жасап, осы секілді қаланың басқа да мәселелерін шешуі қажет. «Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/Home/Show/14557

(3) Комментарии

  1. Maura says:

    Yes! Finally someone writes about jackets generally.

    my weblog :: gear bag

  2. เสื้อผ้าผู้ชายอ้วน says:

    You want bulkier fabrics because they hang better over your physique and make
    you look far better, and you want a great open weave so a person can have the
    airflow — because a sweaty huge man is not a stylish man. https://www.facebook.com/FluffyBro-616746321845261/

  3. Danny says:

    Of course, those with experience and skills in playikng MOBA
    can easwily gget ahead but everyone starts from scratch in Mobile Legends Bang Bang.

    My site – Bang Bang (By Moonton) (Graig)

Добавить комментарий