АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Желіде Бішкек түбіндегі ұшақ апатынан қаза болғандарға арналған видео жарияланды[:]

[:kz]

c97df4e2-2be7-416f-9c6a-8abdfff2bb53Желіде Бішекек түбінде ұшақ апатынан қаза болғандарға арналған бейнежазба жарияланды деп, хабарлайды «Sputnik-Кыргызстан».

Роликте Boeing 747 жүк ұшағының «Манас» әуежайы маңында апатқа ұшырауы салдарынан қаза болғандардың суреттері көрсетілген. «Бұл суреттер – ұшақ апатынан қаза болғандардың туыстарына олардан қалған бар естелік»,-деді басылым.

Бішкек түбіндегі ұшақтың апатқа ұшырауы

16 қаңтарда Бішкек түбінде Шу облысына қарасты Сокулук ауданы Дача-Суу ауылында, «Манас» әуежайына жақын маңда Boeing 747 жүк ұшағы апатқа ұшырады. Ұшақ Гонконгтан Стамбұлға ұшып келе жатып, Бішкекке жанармай толтырып алуға қонбақшы болған. 38 адам қаза болды. Анықталғандай, ұшақ компаниясының қожайыны ертеректе Түркиядағы ұшақ апатына байланысты сотты болған.

17 қаңтар — Қырғыстанда ұшақ апатына байланысты аза тұту күні деп жарияланды.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұшақ апаты салдарынан Бішкек қаласының маңында қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты. 

today.kz

 

[:]