АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Зейнеткер газдың қарызын сұрап келген қызметкерлерді атып тастаған[:]

[:kz]

58fd95402935745ADE743-3B48-47A7-91E7-A23D67890210_cx0_cy14_cw0_w1023_r1_s13-ші сәуірде 62 жастағы А. есімді зейнеткер газдың ақшасын төлеуін сұрап келген қызметкерлердің бірін аң аңлауға арналған мылтықпен атып жіберген деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі centralasian.org-ке сілтеме жасап. Оқиға Самарқандта болған. Күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Атқан адам сот шешімі шыққанша қамауда болады. Самарқанд облыстық ІІД офицерінің айтуынша, қару тіркелмеген екен. Махалли белсенділері зейнеткер тандыр нанды пісірумен айналысқанын айтады. «13-ші сәуірде оның үйіне газ кәсіпорнының қызметкері келіп, қарттың наубайханасы 15 миллион сум көлемінде қарыз екенін айтады. Өткен айда оның газын өшіріп тастаған. Соның салдарынан зейнеткер бір айда шығынға батқан. Ол 4,5 миллион сумды тауып, қарыздың бір бөлігін жабады. Қалған қарызды өтеу үшін уақыт беруді сұраған. Зейнеткер оны бөлшектеп бермекші болған. Алайда газ кәсіпорнының қызметкерлері оның жеке басына тиетін сөздер айтқан. Осыдан кейін ақсақал үйінен қаруын алып шықты. Алайда қызметкерлер тіл тигізуін тоқтатпады. Олар оны қарудың шүріппесін басуға мәжбүр етті. Құдайға шүкір, ешкім зардап шекпеді» дейді махалли белсендісі.

http://qamshy.kz/home/show/18029

[:]