09 января, 2017 Нет комментариев

Тұрсынбек пен Заттыбекке ғашық қыздың бейнебаяны елді қайта шулатты (ВИДЕО)

Аталмыш бейнебаян, қателеспесек, 2015 жылдың бас кезінде түсірілген болатын. Ғаламторда пайда болысымен-ақ қоғамдық наразылық туғызған “туынды” арада екі жыл өтсе де өз өміршеңдігін жоғалтар емес. Әнші Заттыбек Көпбосынұлы мен сықақшы Тұрсынбек Қабатовқа ән арнаған қыздың продюсері, танымал рэпер Шыңғыс ШYNGYS Әлкеев бейнебаянға байланысты tengrinews сайтына кезінде былай деп сұхбат берген болатын. Шыңғыс Әлкеев: “Тұрсынбек пен Заттыбек” деп аталатын әнді, шын мәнінде, 19 жастағы Сәнім Әлбосынова орындайды. Бұған дейін әнді 16 жастағы қыздың орындайтыны хабарланған еді. Шыңғыс Әлкеев бейнебаянның PR-қадам болғанын айтты. “Жасыратын ештеңесі жоқ, бұл PR-қадам болды. “Неге кішкентай қыз үлкен кісілерге ғашық болды?” деген сұрақтар туып жатыр. Егер ол жас әншілерге ғашық болса, халықтың назары бұлай аумас еді. Заттыбек пен Тұрсынбекке арналған ән жұртқа таңсық болады. Назары бірден ауды. Әрине, әзіл ретінде жасалған. Ал айтылып жатқан сынға келер болса, бейнебаянда қыздың денесінің “қатты ашылып қалған” түгі де жоқ. Алматылық қыздар күнделікті қалай киінсе, Сәнім де солай киінді. “Омырауын ашты”, “Ашық-шашық киініп жүрді” деген сөздер айтылып жатыр. Отандық FM сияқты әншілер одан да ашық-шашық, іш киіммен түседі. Сондықтан бұл жерде аса бір таңсық көретіндей жаңалық аштық деп ойламаймын

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет!
http://qamshy.kz/home/show/14378

Добавить комментарий