АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Студенттердің уақытша тіркеуден қалай өтетіні түсіндірілді[:]

[:kz]

d9aa29d6f0031a9a689ad0a13409f0131e33Жақын арада студенттердің кезекті оқу маусымы басталады. Жаңа заңнамаға сәйкес, осы санаттағы азаматтар да уақытша тіркеуге тұруы қажет.

Студенттер өзі оқитын оқу орынның мекен-жайына тіркелуі керек деп хабарлады ҚазАқпарат.

Астана қаласының Есіл аудандық xалыққа қызмет көрсету орталығының көші-қон саласының маманы Гулмира Әбілтаеваның айтуынша, студенттер өздері оқитын жоғары оқу орны бойынша уақытша тіркеуге алынады. Ол үшін университет, немесе институттың өтініш xаты және студенттің жеке құжаттары қажет. Уақытша тіркеудің құны — 227 теңге.

 

«Енді, студенттердің бәрі бір-бірлеп келсе, мына жердің не болып кететін елестете беріңіздер. Сондықтан бүгінде жоғары оқу орнының атынан берілетін өтініш xатқа барлық студенттердің аты-жөнін енгізіп, бір жауапты адамның университет шәкірттерін тіркеуге қойғаны дұрыс. Олай істеп жатқандар бар. Дегенмен, мыңдаған студентті бір уақытта тіркеуге қою қиын ғой. Сондықтан университет өкілдері бәрін топтастырып, 300 адамнан әкелсе де болады», — дейді Гүлмира Әбілтаева.

 

Айта кетейік, жаңа заңнамаға сәйкес, бір қаладан екінші қалаға барып, жоғары оқу орнында оқитын, немесе жұмыс істейтін Қазақстан азаматтары жүрген жері бойынша уақытша тіркеуге тұруға міндетті. Бір айға дейін жеңілдік бар. Ал одан асып кетсе, айыппұл салынады.

 

kaz.365info.kz

 

[:]