09 января, 2017 Нет комментариев

Шымкентте бір жасар сәбиді өлімнен бесік құтқарып қалды

  1. bez-nazvaniya-2ҚР Ұлттық гвардияның әскери қызметкері Руслан Бахрамов Шымкентте опырылып құлаған үй астынан бірнеше адамды құтқарып қалды. Бұл туралы ҚР Ұлттық гварлия “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлайды.

8 қаңтар күні таңғы 3:30-да Шымкентте газ жарылып екі қабатты үй қирап, төтенше жағдай орын алды. Сол қатарда тұратын Руслан Бахрамов шулы дауысты естіп, бірден көшеге жүгіріп шыққан.

Қираған үй астында қалған бір жастағы Аружан бесіктің арқасында аман қалған. Бесікте жатқан сәби үй қираған кезде жарақат алмай, өлімнен құтылған. Кейін оны Руслан Бахрамов қиранды астынан бесігімен бірге алып шығады.

Қазіргі таңда төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері оқиғаның жай-жапсарын анықтап жатыр.

“Құлаған үй жақтан балалардың жылаған дауысы мен айғайлаған дауыстар естілді. Келіншегіне жедел жәрдем шақыр деп айтқан Руслан Бахрамов ойланбастан дауыс шыққан жаққа қарай жүгіреді. Русланның шешімді әрекетінің арқасында Жұмалиевтер отбасын алып шығады. Өкінішке қарай, алған жарақатынан Жұмағалиевтің әйелі қайтыс болады”, – делінген хабарламада.

Осы уақытта оқиға орынына Шымкент қалалық төтенше қызмет қызметкерлері де келіп жеткен.

ҚР Ұлттық гварлия “Оңтүстік” өңірлік қолбасшылығы Руслан Бахрамовты марапатқа ұсыну туралы ұсыныс жасады.

stan.kz

Добавить комментарий