АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] Полицейдің көзін ұрып көгерткен [:]

[:kz]

imgpreviewБүгінгі қоғамда билік өкілдеріне бағынбау және де ар-намысына тиетін сөздер айтып қорлау көптеп орын алып жатқанын білеміз. 

Ондай оқиғаларды күнделікті қолданып жүрген интернет желісі және теледидар арқылы қаншама жастардың да көріп жүргені баршамызға белгілі. Алайда оның соңы немен аяқталғанына көп азаматтарымыз зер салып қарамайды, соның салдарынан осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтар күн санап артуда. Бұндай әрекеттерге қаракөз қыздарымыз да барып жатқанын жасырмаймыз. Барша азаматтарға ондай әрекетке барған адамдар ҚР Қылмыстық Кодексінің талаптарына сай қылмыстық жауапқа тартылатынын түсіндіреміз.

Егер азаматтар билік өкілінің заңды талабына немесе өкіміне бағынбаса, яғни оның өз қызметтік міндеттерін атқаруына кедергі жасап, жеке басын куәландыратын құжаттарын көрсетуден немесе учаскелік тірек пунктіне барудан бас тартатын болса, оның үстінен Қылмыстық Кодекстің 379-бабымен қылмыстық теріс қылық туралы іс қозғалады.

Ал билік өкілін өз қызметтік міндеттерін атқару кезінде немесе оларды атқаруына байланысты қорласа, яғни оның ар-намысына тиетін әдепсіз сөздер айтып, анайы сөздермен балағаттаса оның үстінен Қылмыстық Кодекстің 378-бабымен қылмыстық теріс қылық туралы іс қозғалады.

Сондай-ақ билік өкілінің өз лауазымдық міндеттерін атқаруына байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану не күш қолдану қатерін төндірсе, ол азаматтың үстінен Қылмыстық Кодекстің 380-бабымен қылмыстық іс қозғалып, сотта қаралады.

Мысалы, сотталушы А.А. 2016-жылғы 23-қараша күні сағат 21.00-дер шамасында Шымкент қаласы, «Нұртас» шағынауданы, Орынбаев көшесі, №12 үйде көршісі Б.Б.-ны ұрып-соғып, жанұясының тыныштығын бұзған. Сол үйдің баласы Д.Д-ның шақыртуы бойынша ол жерге Шымкент қалалық ішкі істер басқармасы Қаратау полиция бөлімінің учаскелік полиция ин­спекторы Ж.Ж. барған. Ол өзін таныстырып, А.А-ның мас халде екенін байқағасын бейімдеу және уытсыздандыру орталығына апармақ болып, қызметтік авто­көлігінің артқы орындығына отыруды талап еткенде орталыққа барудан қасақана бас тартқан. Онымен қоймай, билік өкілін көпшілік алдында балағаттап, ар-намысына тиетін сөздер айтқан, сол көзінен ұрған.

Сот үкімімен А.А. кінәлі деп танылды, оған 2 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалып, пробациялық бақылау белгіленді.

Б. МЫРЗАЛИПОВ,

Шымкент қаласы, Қаратау аудандық сотының

бас маман-сот мәжілісінің хатшысы

Zamana.kz

[:]