АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Өзіне қол салмақ болған астаналық қыз өгей әкесінен жеті жыл бойы зорлық көргенін айтты[:]

[:kz]

Екінші рет тұрмыс құрған Астана тұрғыны қызының басынан өткен жантүршігерлік жағдайды айтып берді. Бұл туралы NUR.KZ порталы NewTimes.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Бұл жайт Астанада он жыл бұрын болған. 2007 жылдың желтоқсанында Әлия есімді 14 жастағы қыз бала үйіне қайтпай қалады.

 

«Мен оны барлық жерден іздеп, таппадым. Белгілі болғандай, қызым құрбысының үйінде болған. Құрбысы анасымен бірге қызымды өзіне қол салудан құтқарып қалыпты», — деп есіне алды Айым есімді тұрғын.

 

Көп ұзамай Әлия анасына өгей әкесі жеті жыл бойы оған тиісіп келгенін айтып берген.

 

«Ол оны қорқытып, әуретті жерлерін ұстауға күштеген. Порно қарауға мәжбүрлеуге дейін барыпты. Мен бұны естігенде, сене алмадым. Күйеуім арасында маған қол көтергені болмаса, ондай әрекетке барады деп мүлде ойламаппын. Күйеуім соққыға жыққанда емханаға бас-ми жарақатымен түскен кездерім де болды. Алайда ол мені қойып, қызымды да қорлапты», — деп күйінді әйел.

 

Айым бірден полицияға хабар беріп, ер адам өз кінәсін мойындаған. Сот оны 11 жылға бас бостандығынан айырды.

 

«Ол он жылын түрмеде өткізді. Бір жылдан кейін бостандыққа шығады. Осы он жыл ішінде біз жеті мектеп ауыстырып, үш жыл бойы Алматыда тұрып келеміз. Себебі, бізді бұрынғы күйеуімнің туыстары аңдып жүр», — дейді әйел.

 

20 шілде күні апелляциялық сот өтеді екен. Бұрынғы күйеуінің туыстары Айымнан ер адамды мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініш білдіруін талап етіп, қоқан-лоққы көрсетіп жүрген көрінеді.

 

«Мен өз өміріме алаңдаймын. Себебі, оның туыстары мені бопсалаушылыққа айыптап, қоқан-лоққы көрсетуде. Бұл адамдардың мені жайыма қалтырғанын қалаймын», — дейді Айым.

 

Айым Әлиядан бөлек тағы екі қыз тәрбиелеп отыр. Ол бұрынғы күйеуі балаларын көруге келеді деп қорқуда.

 

«Менің 13 және 15 жастағы тағы екі қызым бар. Бір жылдан кейін түрмеден шығып, балаларымды көруге құқылымын деуі мүмкін. Мен бұны қаламаймын. Бұрынғы күйеуім мен оның туыстарынан балаларымды қорғағым келеді», — дейді әйел.

alashainasy.kz

 

[:]