АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] «Өзіңді басындырмаудың тәсілдері» Психолог кеңесі [:]

[:kz]

Кейде біз, әйелдер қауымы, үйде, жұмыста, таныстардың арасында өзімізді жайсыз сезініп, ыңғайсыз жағдайларға imgpreviewтап болып жатамыз. Сондай сәттерде қасыңдағы сені сондай жағдайға қалдырған адамға не істеу керектігін білмейміз. Бүгін біз осы олқылықтың орнын толтырып, қыз-келіншектерімізге пайдалы психологиялық айла-тәсілдерді үйретуді жөн көрдік.

 

1. Көзіңді жасырмай, тура қарау

 Егер Сіз көзіңізді төмен қаратпай, сөйлескен адамыңызға тура қарай білсеңіз, бұл сіздің өз-өзіңізге деген сеніміңізді және сол адамнан жасқанбайтыныңызды көрсетеді. Сонымен қатар, мұндай көзқарас бір мәселеге қатысты дауласқанда, өз шешіміңізді нақты айтқанда, сонымен қатар сіздің пікірмен санасу керектігін білдіргіңіз келгенде де, көмектеседі.

 Тағы бір айта кетерлігі: Көзгі тіктеп қарағанда, жай ғана үстіртін қарағаннан гөрі, ішкі жан-дүниесіне үңіліп, арғы жағынан бірдеңе іздеп тұрғандай, көзін «тесіп» өтетіндей көзқарас болу керек. Сізбен сөйлесіп тұрған адам бұны міндетті түрде сезеді.

2. Энергетикалық үзіліс

 Кейде көп адамдар ортасында күйеуіңіз немесе басқа бір адам сізге ыңғайсыз сұрақ қойып қалатын кездер болады. Оңашада болсаңыздар, әрине, сіз міндетті түрде жауап берер едіңіз. Бірақ айнала тола адам, сіздің сасып қалуыңыз мүмкін. Мұндай жағдайда, энергетикалық үзіліс әдісін қолданыңыз. Сіз өзіңізге ыңғайсыз сұрақ қойған адамға міне қазір жауап беретіндей болып, көзіне тура қараңыз. Ол сізден жауап күтіп, оқтала түседі. Сіз оған қарап тұрсыз. Бірақ жауап жоқ. Ол қарап тұрады да, ыңғайсызданып қалады. Сол кезде бірден көзін сізден ала қашатыны сөзсіз. Тура сол сәтті пайдаланып, сіз басқа бірдеңе айтып кетіңіз. Міне, тура осы тәсілді дұрыс пайдалансаңыз, ол адам енді ешқашан да сізді елдің көзінде ұятқа қалдырмайды.

3. Үзіліс пен кешірім

 Кейде күйеуіңіз немесе басқа адам сізден болмайтын нәрсені талап етіп, мазаңызды кетіруі мүмкін.  Өзінің қойып отырған талабы орынсыз екенін біле тұра, сіздің де бұл жағдайды жақсы түсініп тұрғаныңызды көре тұра, түсініксіз жағдайға итермелейтін кездер бәрінің басында болған шығар. Егер сіз сол кезде бір қарсы сөз айтсаңыз немесе өзіңіздің ашуыңызды сыртқа шығарсаңыз, жанжал шығары сөзсіз.

 Бірақ, сіз басқа қулыққа барыңыз. Біраз үндемей тұрыңыз да, ол кісімен келіскен сыңай танытып, әңгімесін жалғастыра беруіне барлық жағдай жасаңыз. Үндемеңіз. Басыңызды изеп тұра беріңіз. Өзінің қолдауға ие болғанын сезген адам бойындағы ашуы басылып, ақырын сөйлей бастайды. Сабасына түседі. Ал сіз әлі де болса, басыңызды изеп, әрі қарай әңгімесін тыңдай беріңіз. Бір кезде ол кісі бірдеңені түсіндіріп, ақталып, аяғы өзінен-өзі қалай кешірім сұрағанын да байқамай қалуы мүмкін.

4. Көзқарастан қорғану

 Егер сіз сөйлесіп отырған адамның сізге санадан тыс әсер етудің айла-амалдарын қолданып, көзқарасы арқылы психологиялық шабуыл жасағысы кеп отырғанын түсінсеңіз, көзіне тіктеп бір қарап, сосын басқа нәрсеге көңіл аударып кеткеніңіз дұрыс болады. Нақтырақ айтқанда, егер ол «көзқараспен атысу» ойынын бастаса, сіз оның ойын ережесін қабылдап, көзіне бір қараңыз да, күлімдеңіз. Яғни, оның қарағанын байқағаныңызды білдіріңіз. Ал жымию сізге бұл ойынның қызық емес екенін білдіреді. Тура содан кейін назарыңызды басқа жаққа аудара берсеңіз болады.

5. Сіз жақтырмайтын адам

 Кейде өмірде сөйлескің келмейтін, көргің келмейтін адаммен араласуға тура келеді. Сондықтан сізді оған мейіріммен қарауға шақырамыз. Қалай дейсіз ғой? Сол алдымен сол адамды кішкене бала деп елестетіңіз. Егер ол бала ызақор, бақытсыз немесе тым ерке болса, оған оның айналасы кінәлі.

 Негізі бұл шындық. Бірақ бір жағынан алғанда сіз өзіңізді алдап та тұрсыз. Бірақ осы тәсіл арқылы біріншіден, өз жүйкеңізді сақтап, екінші жағынан оның өзін аянышты күйге түсіресіз. Себебі ересек адам ешқашан да кішкене балаға шынайы рендіп, ашулана алмайды. Керісінше аяп, мүсіркеп қарайтыны белгілі.

6. Қысым жасау

 Көп адамдар өзінің қалауына қол жеткізу үшін, қызметкерлеріне, туған-туыстары мен достарына қысым жасауы мүмкін. Сырттай қарағанда бұл басында жай ғана өтініш, сосын қатаң өтініш, біраздан соң эмоционалдық көрінісі басым өтініш, бір кезде тіпті қатайған талап бола алады.

 Қысым жасаудың басты мақсаты – бәрібір дегеніме жетем дегенше сізді сендіру.  Бұл адам сізге қайта-қайта бір нәрсені әртүрлі формада айту арқылы өзінің айтқанын істетем деген өктемдігі бар екенін білдіреді.

 Бұған қалай жол бермеуге болады? Бұл жерде әр нәрсені өзінің атауымен атау жақсы көмектеседі. Жай ғана «сіз маған қысым жасап тұрсыз ба?» деген сұрақтың өзі жеткілікті. Әдетте осындай сұрақтан кейін адам сасқалақтап қалады. Сонымен қатар нақты әрі біржола «Жоқ» деген сөзді айтып үйренген де өте маңызды. 

7. «Жоқ» деп айта білу

 Бұлай ата білу де – өнер. Себебі адамдармен араласқан кезде, отбасында да түрлі адамдар болады. Сіздің көмегіңізбен бірнәрсеге қол жеткізгісі келетіндер, сіздің рұқсатыңызды алғысы келетіндер сияқты адамдар табылары сөзсіз. Сондай жағдайда қолдануы өте тиімді «Жоқ» сөзін айтып үйреніңіз. Ал «Көрейік», «Білмеймін», «Жағдайға қарай» сияқты сөздер енш нәтиже бермейтіні анық. Бұл сөздерден аулақ болып, нақты «Жоқ» сөзін айта білу арқылы біраз келеңсіздіктен арылатыныңыз сөзсіз.

8. Ақталмау

 Бұл да біртіндеп тәжірибемен келетін дүние. Егер сіз тура әрі нақты «Жоқ» сөзін айта ласаңыз. Онда оның себебін түсіндірудің қажеті жоқ. Ал ақталу туралы мүлдем сөз қозғамау керек. Сонымен қатар еш түсініктеме берместен, бас тартқаныңыз үшін өз-өзіңізді кінәлау да дұрыс емес. Егер сіз іштей қиналып, өзіңізді кінәлап, ақтала бастасаңыз, адамдар оны сезіп, көндіріп алуы да ғажап емес.

anabol.kz

 

 

[:]