АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Оралда 83 жастағы әже үйінде тау болып үйілген қоқыс арасында жалғыз өмір сүруде[:]

[:kz]

Bezymyannyy-15Оралда 83 жастағы әжей жарықсыз, сусыз, қоқысқа айналған үйде жалғыз өзі өмір сүріп жатыр. Өзі екі айдан бері төсекке таңылған. Оның үйіндегі тау болып қалған қоқысты көрген көршілері мұның соңы өртке айнала ма деп шошып дереу дабыл береді, деп хабарлайды КТК арнасы.

Кішкентай үй ішінде аяқ алып жүретін жер жоқ. Бөлме іші суық. Ит пен мысық көп. Валентина Матвееваның жақындары осылар ғана. Одан өзге жақын туысы да, балалары да жоқ.

 

Валя әжей 30 жыл бала бақшада жұмыс істеп, кейін 15 жыл театрда киімдерге жауапты адам болған.

Ол үйдегі қоқыстың қайдан пайда болғанын білмейді. Оларды реттеуге денсаулығы жарамсыз екенін айтады.

 

«Үйге кіріп келіп қоқысты көргенде шошып кеттім. От тұтанып, өрт болатындай көрінді. Төтенше жағдайлар қызметіне хабар бердім. Полицейлер келіп тексерді. Екі күн күттім. Болмаған соң Нұр Отанға бардым. Осылайша барлық қызметтегілерге хабарладым», – дейді көршісі Мадина Суханова.

Бұған еріктілер көңіл бөліп, әжейді тамақтандырып, үйді реттеуге көмектесті. Валентина Маткеевна қарттар үйіне орналасудан бас тартты.

«Мұнда болып жатқан жағдай адам көргісіз. Біріншіден кезекші аймақтық полицейді қадағалауға қою керек. Медицина қызметкерлерінің де қарауында болу керек. Кейін рұқсатын алсақ, әжейді қарттар үйіне орналастырамыз», – дейді қалалық әлеуметтік бағдарлама бөлімінің жетекшісі Сәуле Шоланбаева.

Егер әжей келіспесе, оған үйіне барып күтім жасау қарастырылады. Қазір еріктілер пешті қайтажөндеп, әжейдің емі мен тамағына ақша бөлу мәсеселін шешіп жатыр.

Телефон нөмірлері: 8-702-799-79-46, 8-747-762-04-32

stan.kz

[:]