АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Мұны рухани озбырлық деп бағалау керек[:]

[:kz]

gazeti_newМұрат Әбенов ағамыз жақсы жаңалық айтып жатыр. Мұғалімдерді зорлықпен газет-журналға жаздыру шынымен де қылмыс.

 Өзі аз ақшасын біресе аудандық, біресе облыстық, біресе орталық газеттерге жаздыру – рухани озбырлық пен мемлекеттік дәрежедегі рэкет. Әсіресе бүгінгідей интернет заманында, барша газет интернетте бар заманда!

Осыған тағы бір-екі ой қоссам. Өткендегі Жолдауда мектептегі балаларға шынайы білім беру, дүниеге сыни көзқарас қалыптастыру керек деген маңызды нәрсе айтылды.  Өте маңызды мәселе!

Осы сыни көзқарасты қалыптастыру тағы да мұғалімдерге жүктелмек. Ал күніне өтірік есеп, ақпар толтырудан көз ашпайтын, көзбояушы қағазбастылыққа батқан мұғалімнен қандай сыни көзқарасты күтуге болады?

Мұғалімдерді жыл сайын сайлау сияқты саяси науқандарға құл қылып жегіп, саяси қылмыс, саяси ұрлық қылуға итермелейміз. Әділ бол, шыншыл бол, ешкімнен сескенбе, басыңды кесіп алса да шындықты айт деген сөздерді әлгіндей мұғалім балаға қалай айтып, олардың көзіне қай бетімен қарамақ?

Айдос САРЫМ.

www.zamana.kz

 

[:]