АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Министр Дәурен Абаев «24 сағат табиғат құшағында» жобасына қатысуға келісім берді [:]

[:kz]

 

 

 

Таяуда ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев мырза Алматыға келіп, ұлттық арна басшылығымен бірге түсіріліп жатқан жаңа жобалардың барысымен танысып қайтты. «Qazaqstan» РТРК АҚ басшысы Ерлан Қарин мырза министрді бірнеше жобаның жұмыс барысымени таныстырды. Осындай жобалардың бірі – «24 сағат табиғат құшағында» экшн-реалити шоуы. 

Министр Д.Абаев пен Е.Қарин және ҚазГео Төралқа Төрағасы Төлеген Тастанбеков «24 сағат табиғат құшағында» экшн-реалити шоуы жобасының студиясына барды. Еліміздің әр облысындағы табиғаттың тылсым құпияларын ашып көрсететін экшн шоу «Qazaqstan» ұлттық арнасы мен «Қазақ географиялық қоғамының» бірлескен жобасы.

Жобаның жүргізушісі 4000-нан астам үміткердің арасынан таңдалып алыныпты. Атыс-шабыс фильмдерде бұзақы, қатігез кейіпкерлердің рөлін сомдап жүрген Нұржан Садыбеков осы жобаға лайық деп танылған екен. Жоба авторларының айтуынша, Нұржанның түрі суық болғанымен, өмірде өте мейірімді жан. Бағдарламаның шарты бойынша реалити шоудың қонағы жүргішумен бірге 24 сағат бойы өркениеттен алыс, жабайы табиғатқа бейімделіп бір тәулігін өткізуі тиіс. Яғни, суыққа да, ыстыққа да шыдап, тіпті азығын да жолдан тауып жеуге мәжбүр.

 

«Қазақстан» РТРК басшысы Ерлан Тынымбайұлы бұл жобаның Елбасының «Рухани жаңғыру» мақаласында айтылған мәселелерге сай келетінін айтты. Яғни, «24 сағат табиғат құшағында» экшн-реалити шоуы әр саладан шыққан тұлғалар мен туған елді қабыстыра отырып насихаттауды мақсат етеді. Жобаның алғашқы кейіпкерлернің бірі белгілі спортшы Серік Сәпиев. Олимпиада чемпионының өз туған жерінің тауы мен тасын, суы мен нуын қаншалықты білетінін, жабайы табиғатта өмір сүру қабілеттілігін қыркүйек айында ұлттық арна экранынан көре аласыздар.

Ерлдан Қарин мырза жобаның ерекшеліктерін айта келіп, Ақпарат және Коммуникация министрі Дәурен Әскербекұлын «24 сағат табиғат құшағында» экшн-реалити шоуының қатысушысы болуға шақырды. Министр аталған бағдарламаға қатысуға қарсы еместігін, жобаға түсуге міндетті түрде уақыт табуға тырысатынын айтып, көпшіліктің алдында уәде берді.

Естеріңізге сала кетейік, мұның алдында ҚР Ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев «Qazaqstan» арнасының тапсырысымен түсірілген «Қозы Көрпеш Баян сұлу» телехикаясының түсірілім тобымен кездескен болатын. Телехикаяның продюсері Баян Мақсатқызы министрге жоба туралы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді.

 

Айнұр Сенбаева

Алаш айнасы

[:]