АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Латын қарпіне қатысты ұстанымым[:]

[:kz]

 

 

 

 

1. Өз басым қазақ тілінің қайткенде де латынға көшкенін қалайтын қазақпын. Осы арада латынға қатысты ең көп пікір айтқанның бірімін. Өз ойымнан еш ауытқымаймын. Битке өкпелеп тонын өртеуден аулақпын. 
2. Бүгінгі бір топ ұсынған латынға көңілім толмады. Менің ғана емес ау! Жəне де бұл нұсқаны аяқты, соңғы деп санамаймын. Ешкімнің де бөркін аспанға атып, той тойлайтын жайы жоқ. Жұмыс тобы өз жұмысын аяқтаған жоқ. Əлі біраз айтыс болады. Нəтижесінде бір ортақ нұсқаға келуіміз міндет. Қажет болса 30-40 адамды бір бөлмеге қамап, ортақ нəтижеге жетіп, мұржадан ақ түтін шыққанша айтыстыру қажет деп санаймын

facebook.com/

Айдос Сарым 

[:]