АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қызылордалық қыз Қырғызстанға бара салысымен ұшты-күйлі жоғалып кетті[:]

[:kz]

6556Қызылорда облысының тұрғыны 4 ақпанда Қырғызстан аумағына кіріп, хабар ошарсыз жоғалып кетті.

Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлайды.

Қырғызстанның құқық қорғау органдары Қызылорда облысының Жосалы ауылының 19 жасар тұрғынын іздестіріп жатыр. Алтынай Ғалымова он күн бұрын көрші елдің аумағына “Ақ Жол” бақылау бекеті арқылы кіріп, хабар ошарсыз жоғалып кеткен.

Қырғызстанның Шу облысының полициясы қыздың белгілерін таратты: бойы 160-165 сантиметр, дене бітімі орташа, шашы орта ұзындықта, сарыға боялған, көзі қоңыр.

stan.kz

[:]