АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Көлік жүргізушісін жағадан алған полицей жұртты шошытты (видео[:]

[:kz]

photo_102966Астананың орталық көшелерінің бірінде болған оқиға қала тұрғындарының ашуын туғызды. Жол кептелісін реттеуі тиіс болған полиция қызметкері жас жігітпен ерегесіп, оның жағасына жармасқан. Тәртіп сақшыларының бұл қылығын видеоға түсіріп алған қыз оны әлеуметтік желідегі парақшаға жүктеп, өзінің наразылығын білдірді, – деп хабарлайды Qasym.kz.

 

«Қонаев пен Түркістан көшелерінің қиылысында көлік тығыны орын алды. Жұрт бір-біріне жол бермей, әбден шатасты. Дәл осы сәтте жол полициясының қызметкерлері де келіп жетті. Алайда олар ешнәрсе істеген жоқ. Кептеліс барған сайын ұлғая түсті. Бұған наразы болған жүргізушілер реніштерін білдіре бастады. Қызыл көліктің жүргізушісі инспекторға барып, кептелісті реттеуді сұраған (бәлкім дөрекі түрді) болатын. Осы кезде инспектор оның көлігіне жүгіріп барып, бірнәрселерді айта бастады. Артынша көліктің мемлекеттік нөмерін шешіп алмақ болды», – деді куәгер.

 

Осыдан соң жүргізуші жігіт пен полиция қызметкерінің арасында жанжал шыққан. Тәртіп сақшысы қызмет бабында бола тұра жүргізушіге дөрекі қылықтар көрсетіп, оған тап береді.

alashainasy.kz

 

[:]