АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Киев Украинаға кіретін ресейліктер үшін жаңа ережелер бекіттi[:]

[:kz]

 

Киев ресейліктер үшін Украина территориясына кірудің жаңа тәртібін енгізді, деп жазады Қамшы ақпарат агенттігі. Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс министрінің хатшысы мәлім еткендей, 2018 жылдан басьап Ресей азаматтары Украинға келу үшін Украина Сыртқы істер министрлігінде алдын ала тіркеуден өтулері шарт. Сондай-ақ ресейліктер уақытша тіркеуге тұрып, әр қадамдары жайында хабарлап отырулары керек. Бұдан өзге, алдағы жылдан бастап Украинаға келетін кез-келген шетелдік азамат биометриялық құжатпен кіреді. Аталмыш шешім жайында дүйсенбі күні Украина президенті Петр Порошенко мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай әдіс елдегі «терроризммен күресті күшейту» үшін қажет. Турчинов биометриялық құжаттардың ең алдымен ресейліктерде болуын талап етті. Бұл шара Кремльге көрсетіліп жатқан қысымға жауап ретінде жасалды. ЕҚЫҰ-ның парламенттік ассамблеясы Украинаның егемендігі және территориялық тұтастығын қалпына келтіруді қолдайтын резолюцияны қабылдады. Парламенттік ассамблея Ресейді Қырымды оккупациялауды және терроистік әрекеттерді қаржыландыруды тоқтатуға шақырды. Сондай-ақ, ЕҚЫҰ Кремльден Донбас аумағынан қарулы құрылымдарын алып кетуді талап етті.

Шолушы: Гүлім Жақан

«Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/home/show/21574

[:]