АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]ҚАЗАҚТЫҢ БІР ТОП ЗИЯЛЫСЫ САҒАДИЕВТІҢ ҰЛТТЫ ҚҰРТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН БАСТАМАСЫНА ҚАРСЫ ХАТ ЖАЗДЫ [:]

[:kz]

news1461568424Қазақстанның жоғары оқу орындарында оқытылатын мамандықтарға қатысты Әбдуәлі Хайдар мен Шора Сарыбаев бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері Б.Сағынтаевқа, М.Тәжинге, Г.Әбдіқалықоваға хат жолдады, деп хабарлайды «Қамшы» порталы. «ҚР БҒМ дайындаған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтарының 01.02.2017 жылы күшіне енген Тізбесінде «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті», «Әдебиеттану», «Лингвистика», «Қазақстан тарихы», «Шығыстану», «Түркология» мамандықтары жоқ болып шықты», — деп жазылған аталмыш хатта. Әбдуәлі Хайдар бастаған бір топ зиялы қауым өкілдері тіліміз бен әдебиетіміздің болашағына деген алаңдаушылығын білдіріп, оларға тікелей қатысты мамандықтарды жоюдың салдары әдебиетіміздің құрдымға кетуіне әкеп соқтыратынын ескере кеткен. Осы мәселеге қатысты БҒМ министрі Ерлан Сағадиевке қарсы наразылық шаралары жүргізіліп, қоғам белсенділері әлеуметтік желіде Сағадиевтің отставкаға кетуін талап етіп, одан орнын босатуын сұрап жарыса жазуда. Халықтың бұл наразылығына министр Сағадиев: «Мұндай арандатушы сұрақтар қоймаңыздар. Оны шешетін Президент. Президент айтса кетемін», — деп жауап берді. Естеріңізге сала кетсек, Ерлан Сағадиев тізгінін ұстап отырған Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасындағы жоғарғы және жоғарғыдан кейінгі білім беру мамандықтарының классификаторы» деген құжатының жаңа нұсқасын 01.02.2017 жылы қолданысқа енгізген еді. Аталмыш құжатта БҒМ министрлігі «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» мамандарын дайындаудан бас тартқан. Ақордаға хат жазған бір топ зиялы қауым министр Сағадиевтің бұл қылығын қазақ ұлтын, қазақ тілі мен әдебиетін жоюға бағытталған бастамасы ретінде түсініп, өз талаптары мен тілек-өтініштерін алға тартқан. «Әлемдік көшбасшы Гарвард, Кембридж, Оксфорд, Колумбия, Амстердам университеттерінде «Ағылшын тілі», «Әдебиеттану», «Лингвистика», «Тарих», «Шығыстану», «Түркология» мамандықтары міндетті болып табылады. Қазақ тілі, Қазақ әдебиеті, Әдебиеттану, Лингвистика, Қазақстан тарихы, Шығыстану, Түркология, Шығыстану сынды ғылым салалары – халқымыздың, қоғамымыздың рухани құндылықтары», — деп хат авторлары өз пкірлерін жеткізеді. Алайда, минстр Сағадиев бұл туралы естімегенін айтып, алыпқашпа әңгімелерге сенбеуге шақырады.
«Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/home/show/16109

[:]