АЛТЫНОРДА
Культурное наследие

ХАБАРЛАНДЫРУ

turkey_2013_04_12Дүйсенбі, 27 қазан күні сағат 9.30-да Бейбітшілік және келісім сарайында «Түркі әлемі: тұлғалар тағылымы» атты халықаралық ғылыми конференция басталады. Ұйымдастыршылар: Халықаралық Түркі академиясы, Л.Н Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және  Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі. Шара түркі әлемінің бірлігі жолында қызмет еткен қайраткерлер – Алибек Гусейнзаденің туғанына 150 жыл, Мамед Эмин Расулзаденің туғанына 130 жыл, Тұрар Рысқұлов пен Сұлтанбек Қожановтың туғанына 120 жыл және Исмаил Гаспринскийдің қайтыс болғанына 100 жыл толуына орай өткізіледі.

Алқалы жиынға Қазақстанмен қоса, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан, Ресей, АҚШ, Моңғолия, Жапония және т.б. елдердің ғалымдары, қоғам қайраткерлері мен зиялылары қатысады.

Елбасы Н.Назарбаев 2013 жылы Әзербайжанның Габала қаласында өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің ІІІ cаммитінде Түркі академиясына түркі әлемі туралы халықаралық жиын өткізуді және биылғы жылдың маусым айында Түркияның Бодрум қаласында болған Түркі кеңесінің IV саммитінде түркі әлемі интеграциясының бағдарламасын жасауды жүктеген болатын.

Мекен-жайымыз: Астана қ., Тәуелсіздік к., 57, Бейбітшілік және келісім сарайы, 8 қабат, «Бесік» залы.

Халықаралық Түркі академиясының баспасөз қызметі

Тел: 744686