АЛТЫНОРДА
Новости Шымкента

ҮНДІ КӘСІПКЕРЛЕРІ ОҚО-НЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІМЕН ТАНЫСТЫ

dsc_0587Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық мүмкіндіктерімен танысу мақсатында Шымкентке үнді мемлекетінен бизнес-делегация келді. Делегация құрамында Халықаралық ірі компаниялардың басшылары мен олардың аймақтық өкілдері бар. Облыс басшылығымен кездескен үнділік кәсіпкерлер бірлескен жобалар құрып, өңірге инвестиция тарту мәселелерін қарады. Кездесуде қос тарап агро-индустриалды аймақ, ирригациялық жүйелер құру, жол және тұрғын үй құрылысы, фармацевтика саласындағы жобаларды талқылады. Сапар барысында делегаттар «Оңтүстік» индустриялды аймағының жұмысымен танысты.

ОҚО әкімінің баспасөзқызметі