АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Тоқтар Төлешов қызметкерлеріне 17 млн теңге қарыз

Бүгін Орталық Коммуникациялар қызметінде брифинг өткізген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов көпті дүрліктіріп, арнайы операция барысында тұтқынға алынған танымал кәсіпкер Тоқтар Төлешов ісіне қатысты үнсіз қалмады деп хабарлайды өңірден NUR.KZ тілшісі

Тоқтар Төлешов қызметкерлеріне 17 млн теңге қарыз

Себебі бизнесменнің құрықталуы, үстінен қозғалған істің бүгінгі барысы тілшілерді қызықтырмай қоймайды.

«Бұл біздің өңір үшін өте аты шулы оқиға болды дер едім. Бұған қатысты жағдайды мәлімдеу құқық қорғау органдарының құзырында. Солардың жұмысы. «Шымкент сыра» мекемесіне қатысты айтар болсам, иә, былтыр мекеме қызметкерлеріне 27 млн теңге көлемінде жалақы қарыз болған. Қазіргі таңда оның 10 млн теңгесі төленді. 17 млн теңге қалып отыр», — дейді Атамқұлов.

Облыс әкімі мекеменің жалақыны кешіктіруін ақтап алғысы да келгендей көрінді.

«Негізі жалақының кешіктірілуі маусымдық мәселе. Себебі қыс ауасында ондағы өнімге деген сұраныс азаяды. Қазір ол сұрақтар шешіліп жатыр. Бұл еңбек инспекциясының бақылауында», — деді аймақ басшысы.

Еске сала кетсек, осы жылдың 30 қаңтарында танымал кәсіпкер Тоқтар Төлешов астаналық және алматылық арнайы жасақ мүшелерінің көмегімен құрықталған болатын. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 266 және 297 баптары бойынша айып тағылыа, сот шешімімен ол екі ай мерзімге уақытша қамауға алынған еді.

 
Дереккөз: Nur.kz