АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Терможаңғырту семейліктер үмітіне айналып отыр

Әбден тозығы жеткен көпқа­бат­ты тұрғын үйлерді қайтадан қал­пына келтіруге таптырмас мүм­­кіндік осы бағдарлама. Бағ­дар­лама коммуналдық инфра­құ­рылымды жақсартуға, тұр­ғын­дар­ға әсіресе, қыс кезінде қолайлы жағ­­дай жасауға лайықталған. Се­­мейде нақты бүгінге дейін 12 тұр­­­ғын үй терможаңғырту бағ­дар­­­­ламасына қатысыпты. Айта кету керек, қазақстандық көп пә­тер­лі тұрғын үйлер Еуропа ел­де­ріне қарағанда әр шаршы метрге жылу энергиясын екі-үш есе көп жұмсайтындығы анықталып отыр. Сон­дықтан да Үкімет пен об­лыс­­­тық әкімдік тұрғын үйлердің жылы болуын басты назарға алған. Жөнделген 12 тұрғын үйге 200 мил­лион теңге жұмсалыпты. Мә­селен, Глинка көшесіндегі сегіз пә­терлі үй 1954 жылы салынып, пайдалануға берілген. Осы уа­қыт ішінде тұрғындар бірде-бір рет үйді жөндемеген. Олардың ай­туынша, жарты ғасырдан астам уақыт ішінде подъезд, шатыр, инженерлік құрылымдар, су және жылу құбырлары жарамсыз болып кеткен.

– Соңғы кезде бұл үй апатты жағ­дайда болды, – дейді «Рыс­құлова,33» ПИК-інің төрайымы Ғалия Мұқанова, – содан тұрғындар абыржып кеткен соң, бастамашы топ құрып, терможаңғыртуға қатысуды жөн көрдік. Сөйтіп жо­ға­рыда аталған дүниелерден басқа есік алды, аула, құбырлар, барлығы жа­­ңартылып, жөнделді. Бұл бағ­дар­лама өте пайдалы.

Біз өз күшімізбен осындай ау­қымды шаруаны атқара алмас едік, деді тұрғын Ләйла Нұр­пе­йісова, төрт миллион теңгеге ша­тыр жөнделіп, домофоны бар есік қойылғанда қуанышымызда шек болмады. Басқа көршілеріміз келіп, қызығып жүр. Сондықтан да барлығыңызға осы бағдарламаның қызығын көріңіздер, үйлеріңізді жылылап алыңыздар дегім келеді.

Мамандардың айуынша, Се­мей­де 1306 тұрғын үй бар. Оның 20 пайызы ғана терможаңғыртуды пайдаланған. Қалғандары әрине, әр­түрлі деңгейде жөндеуді талап ете­ді. Сондықтан да терможаң­ғыр­­ту­дың игілігін көріп, үйлерін жөндеп алу тұрғындардың өз қо­­­­­лында. Айта кету керек, осы бағ­­­­дарламаға сәйкес тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бө­лімі Қазақстандық дамыту жә­не жаң­ғырту орталығымен бір­ге тұр­ғын үйді жөндеудің екі жү­йе­сін әзір­леген болатын. Бұл екі жүйе бо­йын­ша да қалада біршама жұмыстар ат­қарылды. Қазіргі уақытта осы­ған орай ТКШ бөлімі, тұрғын үй инспекциясы мамандары мен әлеу­мет­тік жәрдемақы бөлімі мамандары бірігіп жүйелі жұмыс жасауда. Толығырақ айтқанда, кондоминимум нысандарын жөндеу және терможетілдіру жүргізудің қажеттілігін түсіндіру жолында көпқабатты пәтер иелерімен кез­десулер ұйымдастыру басты мә­селе. Осындай кездесулердің нә­­тижесінде терможаңғырту бағ­дар­­ламасы бойынша жөндеуді жү­­зеге асыруға қатысуға ниет біл­­­діргендер қатары біршама ар­­тып отыр. Жоспарға сәйкес, қай­та жөндеуді қажет ететін 40 тұр­­ғын үйдің тізімі жасалды. Жал­пы, Се­мей қаласы бойынша М.Әуезов даңғылындағы №27 үй тер­мо­жаңғырту бағдарламасы бо­йын­ша ең алғаш рет қолға алын­ған бо­латын. Төбеден бастап жер­тө­леге дейін жүргізілген ке­шенді жұ­мыстардың нәтижесі бүгінде ай­тарлықтай. «Гарнизон KZ» ПИК-нің төрайымы Наталья Сабусова болса, тұрғындардың мер­ді­гер компанияға ризалықтары ерекше екендігін айтады. Жоба­лық-сметалық құжаттарда көрсетілген инженерлік коммуникацияға күрделі жөндеу, суық және ыстық су құбырларын ауыстыру, подъездерді жылылау мен әр пәтерге пластик терезелер қоюды мердігер компания мүлтіксіз орындаған. Ал, төбе жабындысына келер болсақ, мердігерлер төбені үш қабат етіп қаптаған. Сондықтан болар тұрғын үйдің соңғы қабатында тұратындар төбеден су тамшылау дегенді соңғы бір жыл көлемінде ұмытқан. Құрылысшылар сонымен қатар әр балконды пластикпен қаптап, сыртқы келбетін алыстан көз тартатындай етіп сырлаған.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА.

СЕМЕЙ.

http://egemen.kz/

сурет Егемен Қазақстан  газеттінен алынды