АЛТЫНОРДА
Президент казахстана

Назарбаев Путиннің Астанаға сапарын маңызды оқиға деп атады

photo_21524Ақордада Қазақстан мен Ресей президентінің кездесуі өтіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға 15 қазанға қараған түні мемлекеттік іссапармен келді. Ол 16 қазанда ТМД саммиті мен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңеске қатысады деп күтіліп отыр.

«Сіз менің шақыртуым бойынша мемлекеттік іссапар жасап отырсыз. Мен мұны маңызды сәт деп есептеймін. (…) Сіздің біздің елге жасаған мемлекеттік іссапарыңыз өте маңызды оқиға. Ресей біздің стратегиялық серіктесіміз және одақтасымыз. Біз Еуразиялық экономикалық одақта бірлесіп, өзара әрекет етеміз. (…) Сондықтан біз кездесуімізге аса мән береміз, ол біздің елдерге қосымша күш береді», — деді Назарбаев президенттердің қатысуымен өткен кеңейтілген отырыста.

Оның айтуынша, арадағы сауда айналымының төмендеуі түсінікті жағдай.

«Сіз мұның уақытша екенін білесіз, әлемдік дамудың уағдалы кезеңділігі, біздің энергия тасымалдаушыларымыз бен экспорттық өнімдеріміздің бағасының төмендеуі. Сонымен қатар, біз ұлттық деңгейде және ЕАЭО шеңберінде үйлестірілген шұғыл шараларды қабылдау керегін түсінеміз. Экономикалық проблемаларды жеңілдету үшін ЕАЭО-ны құрудағы құндылықтар мен қорларды пайдалану керек. (…) ЕАЭО ұйымның барлық мүшесі тең құқықты жағдайда болғанда ғана, біздің шенеуніктер өздерін халықаралық шенеуніктер сезінгенде ғана және ЕАЭО құрамындағы елдердің мүддесі үшін жұмыс істеп, ортақ экономикалық позиция болғанда ғана күнелте алады», — деді Қазақстан Президенті.

© Тұрар Қазанғапов

Айта кетейік, Назарбаев пен Путин кездесу барысында өңірлік және халықаралық күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді талқылайды — Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі Мәскеу мен Астананың өзара әрекеті туралы пікір алмасады, сонымен қатар, Сирия мен Украинадағы жағдай туралы мәселе қозғалады.

Кездесу қорытындысы бойынша, бірқатар маңызды құжатқа қол қойылады деп күтіліп отыр, олардың арасында Каспийдің солтүстік бөлігіндегі түпті бөлісу, «Центральная» мұнайлы құрылымына қатысты мәселелерді бірлесіп реттеуге қатысты құжаттар бар. Сонымен қатар, қол қойылатын құжаттардың қатарында зымыран жіберу кезінде Қазақстан аумағын оларды құлатуға арналған аймақ ретінде пайдалану туралы құжат бар. Қазақстанның белгілі бір жерін жалға алу ақысы 460 мың долларға тең. Ресей экологиялық тиісті талаптарды орындауға міндеттеледі.
http://kaz.tengrinews.kz/