АЛТЫНОРДА
Новости мира

ГҮЛЕН ЖАУ БОЛСА, ЕРДОҒАН КІМ?

скачанные файлы (1)Түркиялық журналист Ферми Кору «Нокта» журналына берген сұхбатындағы «Фетуллах Гүленнің Нобель жүлдесінен де әлдеқайда ауқымды жүлдеге лайық екеніне сенімдімін» деген сөздері халық арасында кең талқылануда.

«Нокта» журналына сұхбат берген Кору, бүгінгі күні Гүленнің айналасына топтасқан ізгі ниеттелердің өте маңызды жұмыстар атқарып жатқандығын айтты. Түркияның 11-президенті Абдуллаһ Гүлмен Англияда студенттік кездерінде бір үйде тұрған досы Ферми Кору: «Режеп Тайып Эрдоган, «халықтың қалауымен сайланған Президент басқаша саяси қағидада болуы керек (яғни нені қаласа, соны жасайтын басшы)» деген ұстанымын білдіріп, «оны бүгінге дейін тани алмағанымды түсіндім» деген әлеуметтік желідегі мәлімдемесі әлі уақытқа дейін көпшіліктің назарында. Тіпті ол саясатта бауырластықтың болмайтынын айта келе «Гүл мен Ердоған бауыр емес, олар – жолсерік» деп баға береді.

«Нокта» журналында Кору өзінің  Гүленмен байланысына да түсінік беріп: «Фетуллаһ Гүленнің Нобель сыйлығына лайық екеніне сенімдімін» деді.  «Мен әу бастан-ақ бұл ізгі жандардың өте маңызды жұмыстар атқарып жатқандығына және  қызметтерінің Түркия үшін пайдалы екендігіне сенгенмін, сенемін де. Тіпті, еліміздегі және өзге мемлекеттердегі білім беру үдерістерін көріп отырғаннан кейін, Үндістандағы жасаған істері үшін монах әйел Терезаға берілген Нобель сыйлығының Фетуллах Гүленге де берілу керектігіне сене түстім. Өз басым  сол ізгі ниеттілердің  бір мүшесі болмасам да, олардың осыншама қыруар істерінің аяқ асты боп, керісінше мемлекеттің жауы секілді қабылдануы – алтынды қара бақырға теңегенмен бірдей»,  – деді. 

Естеріңізге сала кетейік,  Ферми Кору бүгінгі күні билікке жақын «Хабертүрік» газетінде қызмет атқарады.

Бауыржан Серік

Abai.kz