АЛТЫНОРДА
Новости мира

ДУЭЛЬ: ОБАМА VS ПУТИН. КІМ ЖЕҢДІ?

скачанные файлы (7)Нью-Йоркте өткен Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 70-ші сессиясының алғашқы күнінде АҚШ президенті Барак Обама және Ресей патшасы Владимир Путин «айқасты». Иә, екеуі де ұзақ сөйледі. Біз олардың ең маңызды деген ой-пікірін ойып алдық. Сіздіңше бұлардың қайсысы дұрыс айтады?

384972655ОБАМА. ОЛ НЕ ДЕДІ?


АҚШ президенті тура 40 минут сөйледі. Сенесіз бе, қағазға қараған жоқ. Берілген уақыт 15 минут еді. Бірақ, үлгермеген. Обаманың сөзі әсер еткені сондай, залдағы жұрт оның сөзін тоғыз мәрте бөліп, қол шапалақтаған.

 

 Диктаторлар туралы

ХХІ ғасыр. Диктаторлар тағынан таюда. Олар басқарған елдер дағдарысқа тап болып, терроризмнің ошағына түсті. Қазіргі заманда диктатуралар тұрақсыз, бүгін бір диктатор таққа отырса, ендеше ертеңгі күні аталған елде революция болады деп біліңіз. Ешқандай қулық-сұмдық жоқ. Барлығы технологияның, әлеуметтік желінің арқасы. Қазір бір елдің жерін басып алу – мықтылық емес, адамдардың табысы, білімі, елдің экономикасы, инновациясы, ұмтылысы жоғары болса сол ел мықты.

Сирия туралы…

Сирия диктаторы туған халқын аяған жоқ. Бұл трагедияны айналып өте алмаймыз. Сириядағы жағдайды өзгертуде әскери күш аз. Америка аталған мәселені шешуде барлығымен бірігуге әзір. Ішінде Ресей де, Иран да бар. Бәрі қалай басталды, білесіздер ме? Асад бейбіт шеруге шыққандарды шетінен бауыздай бастады. Асадтың билігіне сириялықтардың көңілі толмайды. Ендеше Асадты тағынан тайдырып, орнына жаңа үкімет тағайындау керек.

 …және оның салдары жайында

«Ислам мемлекеті» Ирак пен Сириядағы хаостан пайда болды. Олар исламның атына кір келтіруде. Ислам мен террор үйлеспейтін ұғымдар.

Украина және санкция туралы

Ресей Қырымды басып алды. Иә, біз Ресей мен Украинаның бауырлас екенін білеміз. Бірақ, бір елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығына қатер төнгенде қарап тұра алмаймыз. Қазіргі Украина халқы Еуропаға қосылуға мүдделі, Ресейге емес.

Рубль құлдырады, экономика құлады. Ақыл-есі дұрыс адамдар Ресейден кетіп жатыр. Бұл мәселені дипломатиялық жолмен шешуге болар еді. Біз Ресейді оқшаулағымыз жоқ, бізге, бізбен бірге болатын және халықаралық жүйені қалпында ұстауға көмектесетін мықты Ресей керек.

Иран туралы

Тарихтан сабақ алу керек. Үнемі «Америкаға өлім!» деп ұрандатқаннан экономикалық жағдай жақсармайды.

АҚШ туралы

Оппозиция билікке таласуға, сайлауға түсуге мүмкіндік алғанда мемлекет жаңа идеялармен толығады. Тәуелсіз БАҚ қоғамға тәуелсіз ақпар таратуға мүмкіндік алғанда коррупция жойылады. Азаматтық қоғам қалыптасқанда адамдар үкіметтің өзі еңсере алмайтын мәселелерді шешеді. Адамдар өзі өмір сүретін елде арманын ақиқатқа айналдыра аларына сенгенде ғана мемлекет те өз әлуетін толықтай жүзеге асырады.

Американың күші осында. Бұл демократия. Америкалық ұлт, иммигрантар ұлты. Күллі әлемнің мәдениеті бізде, әлемнің түрлі ұлт өкілдерін АҚШ-тан кездестіресіз. Бұл елде сіздің кім екеніңіз, қайдан келгеніңіз, түріңіз, түсіңіз маңызды емес. Біздің күшіміз осында.

 Тағы да диктаторлар және демократия туралы

Бейбіт шеруді басып-жаныштайтын билік бұлайша күшін емес, керісінше әлсіздігі мен қорқақтығын көрсетеді. Тарих куә: өз халқынан қорқатын мемлекеттер ақыр аяғы құлайды.

Жорж Уашингтон, Нелсон Мандела демократиялық институттар қалыптастыру қажеттігін, жалғыз адамның өмір бақи билік құрмауы керектігін айтып кеткен. Мәңгі тақта отыру үшін конституцияны өзгерткен көсемдер табысты мемлекет қалыптастырдым десе, қателеседі. Ешкім де мәңгі өмір сүрмейді. Ажалсыз адам жоқ. Олар билікке билік ету үшін таласады. Әсте адамдардың өмірін жақсарту үшін емес…

ПУТИН ОЛ НЕ ДЕДІ?


 GyyEgWpZZAjOMxoDyAx9LhYhYGIiwnof

Путин Обаманың «сабағына» қатысқан жоқ. Кезек Путинге келгенде Украина президенті Петр Порошенко залдан шығып кетті. Путин сөйлей бастағанда залдағы бірнеше украиндық дипломат елінің туын көтеріп тұрды. Ресей патшасы Обамадан қарағанда аз сөйледі. 22 минут. Қағазға қарап сөйледі.


АҚШ және Батыс жайлы

«Қырғи қабақ» соғыс аяқталғасын әлемде өзін жаһанның жүрегі санайтын орталық қалыптасты. Пирамиданың биігіне шыққандар әлем біздің айтқанымызбен жүреді деп ойлады. Тиісінше, олар «БҰҰ-мен есептесіп қажеті жоқ» деді. Керісінше, ұйым кедергі болады. Сондықтан БҰҮ ұйым ретінде ескірді деген әңгімелер айтылды. БҰҰ-ның құқығына қол сұғуға болмайды. Сұқтық екен, жаһанды жуан елдер билейтін болады.
Сирия туралы

Ислам мемлекетіне қарсы шығып отырған жалғыз Асад әскері, әрі кетсе күрт жауынгерлері. Сирия үкіметіне керісінше, көмек керек. Біз аймақты бүге шігесіне дейін білеміз. Әділ түрде араласайық десек, Ресей азуын көрсетіп жатыр дейді. Бірақ, бүгінгі әлемдік ахуалға көз жұма қарай алмаймыз. Антитеррорлық коалиция құратын кез келді.

Ислам мемлекетінің қатарында мыңдаған адам бар. Арасында ирак жауынгерлері де жүр. 2003 жылы Иракқа басып кіргеннен кейін олар далада қалды. Ливиялықтар да көп. Бұл мемлекет те  қиратылған. Қазір радикалдардың қатарын өздерін «сирия оппозициясымыз» дейтін жауынгерлер толықтыруда. Оларды қолдап отырған Батыс, басқа ешкім емес.

НАТО туралы

НАТО-ның шекарасын күн сайын кеңітуде. Сұрақ: бұл не үшін қажет? Варшава келісімі ұйымы әлдеқашан ыдыраған? КСРО әлдеқашан құлаған, тарап біткен…Соған қарамай НАТО, күн өткен сайын кеңіп келеді, тиісінше әскери инфрақұрылымы да күшею үстінде.

 Украина және посткеңестік елдер туралы

Посткеңестік елдерді таңдаудың алдына қойды: Батыспен біріккілерің келе ме, әлде Шығыспен бірге боласыңдар ма? Күндердің күні арандатуға құрылған мұндай логиканың аяғы геосаяси дағдарысқа ұласары анық еді. Украинада дәл сондай жағдай болды. Ресми билікке көңілі толмаған халық арандатып, артын төңкеріске ұластырды. Осының нәтижесінде елде азаматтық соғыс бұрқ етті.

Демократия туралы

Әркім әртүрлі ойлайды. Бұған құрметпен қарау керек. Ешкім де біреу өзінше дұрыс деп тапқан дамудың жолымен (үлгісімен) жүруге немесе соған икемделуге тиісті емес.

 ӘЛЕМДІК БАСПАСӨЗ НЕ ДЕДІ?

скачанные файлыОбама және Путин. Бұлар геостратегиялық бәсекелес қана емес. Бұл екеуі бір-бірін былайғы өмірде де аса ұнатпайды.   

 

Нью-Йорк-Таймс Обама және Путин. Екеуінің арасы нашар. Мұны жақсы білетін БҰҰ-ның бас хатшысы Пан Ги Мун түскі ас ішерде әдейі екеуінің ортасына отырды.

 

logo-foreign-policy Обаманың ойы белгілі болды. «Біз Сирия мен Иракты орыстар мен ирандықтарға бере саламыз. Соғыстан әбден бүлінген бұларда қазір хаос. Бұл хаосқа араласатын АҚШ-тың ешбір саяси ынтасы жоқ».

 

скачанные файлы (1) Обама әдемі сөйлейді. Алайда әрекет етуі сирек. Оған қол шапалақтаумен болды. Путин ше? Оған ешкім қол соққан жоқ. Бұл оған қажет те емес. Оған өзін халықтың жақсы көруінен бұрын, қорыққаны маңызды…

Дайындаған, Думан БЫҚАЙ

http://www.dalanews.kz/11924