АЛТЫНОРДА
Новости

Дін істері агенттігі: Терроризм мен экстремизмге ұрыну ата-ана тәрбиесінің жоқтығынан

434_4a7b0e8c2269beccbe653f36896e31dcАстана. 17 маусым. Baq.kz – Терроризм мен экстремизмге ұрыну ата-ана тәрбиесінің жоқтығынан. 

Бүгін Мәжілісте ҚР Дін істері агенттігінің қызметіне арналған Үкімет сағатында агенттік басшысы Қайрат Лама Шариф осылай мәлім етті.

«Ең алдымен баланың алдында ата-ананың жауапкершілігі зор, ендеше жастарымыздың терроризм мен экстремизмге ұрынуы ата-аналардың тәрбиесінің жоқтығынан. Үкіметті бұған қатысты жазғыра берудің қажеті шамалы. Шындығында, қазіргі жағдайда кейбір ата-аналар бала тәрибесін мүлдем қойып кетті. Мешітке барып жүргеніне қуанып отыра бермей, не үшін барып жүргенін, кімнен білім алып жүргенін, ұстазы кім екенін сұрап, қызығушылық білдіріп отырса, мәселе басқаша болатын еді», — деді Қ. Лама Шариф.

Оның айтуынша, Атырау облысында терроризмге қатысты сотты болған жастардың ата-аналары да дәл осы секілді өз кінәларын мойындаған.

«Бұдан бөлек, көпшілік имамдардың жұмысы да дұрыс деңгейде деп айта алмаймыз. Алдына келген жастардың көтерген мәселесіне нақты, бұлтартпай жауап қату болса игі еді. Мешітте бес уақыт намазды өткізіп отыра беруге болмайды. Жалпы, дінді бизнеске айналдырған дүмшелер де жоқ емес», — деді агенттік басшысы.

«Біз алдағы уақытта да жұмысты жан-жақты жүргіземіз. Конференциялар, жиындар тек сөйлеп қалу, айтып кету үшін ғана жасалмайды. Ондай басқосуларда отандық және шетелдік мықты ғалымдарды тарта отырып, теріс ағымға түсіп кеткен сақалды, балағы шолақ жастармен сөйлесе отырып, оларды райынан қайтару жұмыстарын жүрігізіп жатырмыз», — деді ол.

Қазақпарат