АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қазақ мұнай, диплом сияқты заттарды сатқанда әкесін танытатын сияқты[:]

[:kz]

Басқа жақты қайдам, Алматының көкөніс сататын киоскілерінің 70-процентінде басқа ұлттар. Ел жақсы алатын нүктелерде саудасын дөңгелетіп отырғаны. Және товарлары да көздің жауын алады. Сүртілген, тап — таза және сіп-свежий. Ал біздің жігіттердің көкөністері Алтынордадан қалай әкелді, сол күйінше сөреге қоя салатын сияқты. Шаң басқан жәшіктерде, бетінде ара-шыбын қаптап жүргені. 

Неге ,,товарный вид жасамайсың»-десем, әй, керек адам бәрібір алады—деп , саспайды. Қазақ үй, киім, авто, мұнай, диплом, кресло сияқты бұзылмайтын заттарды сатқанда әкесін танытатын сияқты. Ал мынандай көкөністей тез бұзылатын майда-шүйдемен уақытша айналысып жүргендей көрінеді))).

 

Султан Сулеев

Фейсбуктегі парақшасынан

alashainasy.kz

[:]