11 января, 2017 Нет комментариев

Қазақ қыздарының қытаймен некеге тұруына қарсылық білдіргендер митингке шықты

587604c5e916cpic_9f8d93deb8705592b7ceef9df10474d6Соңғы аптада қоғамда бүлік туғызып, көп талқыланған мәселелердің бірі – қытаймен қазақ қыздарының некеге тұруы. Астана қаласында Наталья есімді әйелдің басшылығымен «Қытай күйеу жігіттері» атты қазақстандық қыздарға арналған агенттік ашылып, оған халық өз наразылығын білдіруде. Астана қаласының бір топ тұрғыны қазақ қыздары мен қытайлардың некесіне жол берілмеу керек деп ұрандап, митингке шықты. Агенттік мекемесі орналасқан Республика көшесінің қиылысында 30 шақты адам жиналып, өз наразылықтарын білдірген. «Аспан асты ұлдарымен танысуға, некеге тұруға ниет білдірген қыздарды азаматтығынан айыру керек!» – дейді олар. Қолдарына «Еркек жерді қорғайды, әйел ұлтты қорғайды» деген жазуы бар плакаттар ұстап шыққан. Сонымен қатар қазақ қызын алған әрбір қытай елімізге $50 000 көлемінде салық төлеулері тиіс дейді. Қытай азаматтарымен таныстырумен айналысатын неке агенттігін жауып, директорына айыппұл төлетуін талап еткен.

http://qamshy.kz/home/show/14582

Добавить комментарий