АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қасиетті Ганг өзені жайында шындық халықтың жағасын ұстатты (ФОТО) [:]

[:kz]

58ca64281bf9530441_html_b76f5e3«Қасиетті Ганг өзені» дегенді естігенде бәріміздің ойымызға бірінші кезекте қасиетті мекен, құлшылық, үнділердің құдайлар деп жүрген пұттары келеді. Ганг өзені – Оңтүстік Азиядағы ең ұзын өзендердің бірі. Кей аңыздарда бұл өзен Жерге түскен Аспан өзені деген ақпараттар кездеседі. Аңызға сүйенсек, бірде Бхарата патша өзінің қайтыс болған бабаларының сүйегін тазарту үшін Құдайдан су сұрапты. Қатты ағысты су жердегі тірі адамдарды шайып кетпес үшін Шива-құдай суға басын иіпті, содан ол су өзен болып, Шиваның ұзын шашын бойлай аға бастады. Сол үшін үнді халқы Ганг өзенін қасиетті деп санайды. Өзенге жуынса, күнәларымыздан тазарамыз деп сенеді. Ал өлген адамдарды осы өзенге ағызады екен. Байлар мәйітті өртеп, күлін ағызса, 9(14)кедейлер өртемей-ақ мәйіттің өзін ағыза салатын көрінеді.
Сонда, күнәдан арыламыз, жанымызды тазартамыз деген үнділер өзенге жуынамын деп керісінше денелерін ластайды. Оның үстіне, жай ғана құлшылық үшін жуынса жақсы ғой, жоқ, одан бөлек тістерін тазалайды, киімдерін жуады, жеміс-жидектерін тазалайды. Сиырлары өзен маңында жайылып жүреді.
2(55)

Соған қарамастан, Үндістанға туристер көп келеді. Шындыққа көз жетікізіп, көңілдері қалатындар да жоқ емес.
4(53)
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Үнді билігін де бұл жағдай алаңдататын көрінеді. 15 жылдан бері өзенді тазалау жұмыстары жүргізіліп келдеі. Бірақ, нәтижесі байқала қоймады

Адамдардың мәйітіне толы өзенде шындықты біле тұра қасиетті рәсімдерін өткізетін үнділіктердің наным-сенімдері жаға ұстатарлық емей немене? Үнді сериалдарын тамашалап, «Келінін» өз келіндей жақсы көретін қаншама ата-әжелеріміз, аға-әпкелеріміз бар. Фильмдерінен құлшылық жасаған түрлі дәстүрлеріне қарап үнділерді нағыз діни халық деп санап, сүйсіне қарайтындар да жоқ емес. Ал олардың нағыз шындығы осындай болып шықты.

«Қамшы» сілтейді

http://qamshy.kz/home/show/16475

 

[:]