АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қасапшы 500 мысықты семіртіп, қоян еті түрінде сатпақ болған[:]

[:kz]

 

pic_aa16b51cba20e58d2ebf0ba7d91f7eb9Қытайдағы Цзяньсу провинциясының полицейлері қасапшының бірнеше жүздеген мысықты не үшін семіртіп жатқанының құпиясын ашты.

Қаскүнем оларды әбден семіртіп, мейрамханалар мен дүкендерге қоянның еті түрінде сатуды көздеген. Бұдан басқа қылмыскер тауарын базарға шығарып, әрқайсысын төрт доллардан өткізбек болған.

Айта кетер жайт, қоян етінің бағасы Қытайда жоғары.

Арамдықпен баюды көздеген қатігез жанды полицияға көршілерінің бірі ұстап береді.

Ер адам осы округте үй жануарларының жоғала бастағандығын байқайды. Керісінше бір үйдің ауласынан мысықтардың мияулаған дауыстары жиі естіле бастаған.

Полицейлер қылмыскердің үйін қоршап ішке кірген кезде оның бірнеші мысықтың терісін сыпырып, етін бөлшектеп жатқанының үстінен түседі.

Қасапшы үй жануарларының тез семіруі үшін қозғала алмайтындай шағын торларда ұстаған. Мысықтардың алдында тамақ жетерлік, су да бар көрінеді. Ал желдеткіш тоқтаусыз қосылып тұрған.

ҚазАқпарат

jasqazaq.kz

[:]