АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Қарағанды тұрғыны автобуста сүйіп қалған бейтаныс аруға іздеу жариялады[:]

[:kz]

Без названия (2)Қарағандылық жігіт өзі үнемі автобуста жолықтыратын, бірақ танысуға бата алмаған бейтаныс қызды іздеп жатыр.Бұл туралы “Наша Ярмарка” хабарлайды.

“Маған Қарағандыдағы қызды тауып беруге көмектесіңіздерші. Оның есімінің кім екенін, жасы қаншада екенін білмеймін, бірақ онымен тағы да кездесемін деген үміттемін. Ол үнемі автобуста, терезенің жанында тұратын. Ешқашан отырмайды. Мен үнемі оның қасында тұруға тырысатынмын, бірақ сөйлесе алған емеспін. Ол КЭУК-те оқиды. Мен ол жаққа, тіпті деканатқа да бардым. Бірақ, мені қуып жіберді. Университеттің есігінің ауызына барып та бірнеше күн күтіп едім, алайда қызды кездестіре алмадым”, – дейді Сергей есімді жігіт.

Жігіттің айтуынша, танымайтынына қарамастан ол қыз өзіне қатты жақын болып кетіпті.

 

“Сүйкімді қыз, егер осы хатты оқып отырсаң, онда менен еш қорықпа. Мен сол жігітпін, мен қорқынышты адам емеспін, мен тек сені сағындым және көргім келеді. Дос болайықшы!”, – деді жігіт.

Жігіттің барлық байланыс нөмірлері редакцияда бар. Қазіргі таңда басылым қыз туралы ақпарат білетіндер болса хабарласуларын сұрап, өз оқырмандарына өтініш тастаған.

[:]