АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Димаш финалда итальян тілінде ән орындайды[:]

[:kz]

800Қытайда өтіп жатқан “I am a Singer” байқауының финалы екі кезеңнен тұрады.  Оның алғашқы кезеңі бүгін, яғни 30 наурыз күні түсіріледі. Нәтижесі де көп күттірмей белгілі болады. Ал эфирден тек 8 сәуір күні беріледі.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Димаш финалдың алғашқы күнінде атақты итальяндық музыкант, әнші Адриано Челентаноның “Исповедь” атты туындысын орындайды. Бұл туралы Facebook-те Мәдина Сейтмағамбетова жазды.

“Димаш Адриано Челентаноның репертуарындағы әйгілі “Исповедь” әнін шырқайды екен. Бұл әннің де Димаштың орындауында өзіндік келбетін табатындығына сенемін. “Адажионы” итальян тілінде орындамағанына өкініш білдіргендер болып еді. Енді әлемдегі ең әдемі тілдердің бірі – итальян тілінде де Димашымыз ән салмақ. Алға, Димаш! Тек қана жеңіс тілейміз!” – деп жазады автор.

Финалда барлығы 10 өнерпаз өнер көрсетеді. Бейресми деректерге сүйенсек, олардың сегізі финалдың екінші кезеңіне жолдама алады. Ал “Singer” байқауының жеңімпазы келесі аптада анықталады.

stan.kz

[:]