АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Бес жасар бала ес-түссіз құлаған әжесін өлімнен құтқарып қалды[:]

[:kz]

410686Өскеменде 76 жастағы әжей кенеттен инсульт алып, құлап түседі. Сол кезде бес жасар Әлижан еш қорықпастан көшеге шығып, көмек шақырған. Жедел жәрдем уақытылы келеді.

Бұл туралы “Устинка LIVE” хабарлайды.

Жамалтай Мәкебаева немересімен бірге Үржардан Өскеменде тұратын туыстарының үйіне келген. Әжей немересімен бірге өздері ғана қалған кезде жағдайы нашарлап, құлап қалады. Немересі қапелімде не істерін білмей туыстарға телефон шалмақ болып, бірақ ол әрекеті сәтсіз аяқталады. Сосын көшеге жүгіріп шығып, көмекке адамдарды шақыра бастаған. Көршісі жағдайды біле салысымен бірден жедел жәрдем шақырған.

spas_babushku12

 

“Әжеміздің миына қан кеткен. Жедел жәрдем дәрігерінің айтуынша, егер олар сәл кеш келгенде жағдай мүлде басқаша болуы мүмкін екен. Егер Әлижан болмағанда әжемізге не боларын ойлаудың өзі қорқынышты”, – дейді үлкен немересі Мадияр Қалиев.

Қазір 76 жастағы Жамалтай апаның жағдайы жақсарған. Ауруханада ем қабылдап жатыр.

kaz.caravan.kz

[:]