АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Белгісіз ер адам ЭКСПО кезінде Президенттерге тура ұмтылды (ВИДЕО)[:]

[:kz]

25b2916b5c49db617f52fa5ea48efee7-9Астанада өтіп жатқан ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде тосын оқиға орын алды. Белгісіз ер адам Түркіменстан Президентіне қарай тура жүгірді.

Бұл туралы Ботагөз Мақыш есімді желі қолданушысы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, – деп хабарлайды «Қазақ үні» ұлттық порталы.

«Мына аға ЕХРО-ның алғашқы күні мерекенің шырқын бұза жаздады. Түркіменстан елінің павильонын ашқан түркіменбашыны Өзбекстан президентімен шатастырған ол қолындағы арнайы жазған хатын ұсынамын деп күзеттің бөгетін бұза-мұза алдынан атып шықпақ болды. Онсыз да әр көлеңкеден күдіктеніп жүрген күзет шағымы бар шалды президентке жеткізбей, орта жолдан алып кетті. Таң атпай мұндайды күтпеген күзетшінің бірінің тіпті тапаншасы жерге түсіп қалды. Осынша жауапты шарада саяси маңызды тұлғаға не шағыммен жүгінбек болды екен деп жақындай барғанымда бейшара қария басына түскен іспен бөлісіп үлгерді. Айтуынша, өзі Өскемендікі. Мүгедектігіне байланысты пәтер кезегінде тұрғанына 12 жыл болыпты. Баспана әлі бұйырмаған. Қазақ билігінен қайыр таппаған ол қайын жұрты өзбек болғасын, мәселесін шешуге Өзбекстан президенті көмектесер деген үмітпен келген екен ЕХРО-ға. Алайда, құрметті қонаққа хатын ұсынбақ түгілі маңайына да жолай алмаған азаматты арнайы күзет пен тәртіп сақшылары белгісіз жаққа алып кетті. Айтқанының рас-өтірігі белгісіз», – деп жазды Б. Мақыш.

.qazaquni.kz/

[:]