АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz] Бала тәрбиесі — отбасынан басталады [:]

[:kz]

 Адам баласының шыр етіп өмірге келген сәтінен бастап, жеке тұлға болып қалыптасқанына дейінгі тәрбиесіне үлкен үлес қосатын – ол ата-ана.

481-1476216648-6300bfdf1d Ағаштың бұтағы қалай түзу өссе, балада өз отбасында алған тәлім – тәрбиесіне , ата – анасының өзіне деген қарым – қатынасына қарай бой түзеп өседі. Сөз ұқпайтын, бұзық бала қайдан шығады?! Әрине ол біреудің жалғыз баласы, ата –әжесінің көптен аңсап көрген тұңғыш немересі де болуы мұмкін. Осындай тым ерке балаларды тәртібіде,сөйлеу мәніріде тұрпайы болып келеді.

 Тым ерке, ата – анасына бұйыра сөйлеп, қалағанын алдырмай тыным таппайтын, үлкенге сөз қайырып, бет алысуға дейін баратын балалардың көптігі рас. Олармен бірге жұмыс істеу тіпті психолог мамандарға да қиындығын туғызады.

 Балаңды тәрбиелегің келсе ең бірінші өзіңді тәрбиеле деген даналы сөзді еске сала кетейік. Ата –ана бір – біріне қалай сөйлессе,балада соған қарай еліктейді. Баланың көзінше ұрыс – керісті бастамау керек, балағат сөздерді де айту бала психологиясына кері әсерін тигізеді. Дастархан басын да болсын, сыртта жүрген кездерде де бір – біріне қанша ашулы болса да жылы қабақ таныта білуі тиіс. Ұрыс – керіс кезінде баланың психологиясы бұзылып, мені ешкім жақсы көрмейді деген сауал көкейінде қалыптасуы мүмкін. Керісінше ата – ана баланың көзінше ұрыспауға, өздерін сабырлықпен ұстай білуді үйрену керек.

 Тағы да айта кететін жайттардың бірі баланың бейімін аңғарып, оған қолдау көрсете білу керек. Егер балаңыз суретті дұрыс салмаса, ойыншықтарын дұрыс құрастырмаса онда бірден зекіп ұрсудың қажеті жоқ. Керісінше оны мадақтай білу керек. Баланы кемсіткен сайын оның қызығушылығы бәсеңдей түседі, осындай жағдайлардан кейін өмірге деген көзқарасы өзгере бастайды.

 

 Балаңыздың тәрбиелі болып өсуі өзіңіздің қолыңызда екенін ұмытпаңыздар.

anabol.kz

[:]