АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]АТА-ЗАҢ: 26 — БАП ӨЗГЕРМЕЙТІН БОЛДЫ![:]

[:kz]

 

images (1)Көптің талқысына түсіп, көңілдерді күпті еткен Ата-заңымыздағы 26-бап өзгермейтін болды, — деп хабарлайды Абай-ақпарат Ақорданың твиттердегі парақшасына сілтеме жасай отырып. 

«Билік тармақтары арасындағы өкілеттікті қайта бөлу жөніндегі жұмыс тобының отырысында Нұрсұлтан Назарбаев ҚР Конституциясының 26-бабын ескі редакцияда қалдыруды ұсынды» делінген Ақорда таратқан хабарламада. 

Бұл мәселені Abai.kz ақпараттық порталы жеріне жеткізе қоғам талқысына салғанын оқырман қауым жақсы біледі. Қазақ баспасөзінде алғашқы болып бұл мәселені «Ата заңға енетін өзгерістер: Әркім — ол кім?» деген тақырыппен abai.kz көтерген еді. Іле бірер күннен соң, 26-бап әлеуметтік желідегі қызу талқыланды. Біздің порталымыз арқылы қоғам белсенділері, ғалымдар, заңгерлер, зиялы қауым өкілдері аталған бапқа қатысты өз ойларын ашық білдірген еді. 

Енді сол қалың қазақтың қалауы орындалатын болды.

Бұрынғы және қолданыста қалған редакцияда

1. Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

2. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі.

Өзгерту енбек болған редакцияда

Қазақстан Республикасы Констиуциясының 26-бабының 1 және 2-тармақтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген:

1. «Әркім заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады.

2. Меншік құқығына қол сұғылмайды. Меншік, оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі. Конституцияда өзгеше көзделмесе заңды түрде алған мүлікке меншік құқығын шектейтін немесе айыратын заңдар мен өзге де құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді».

Қош! Елбасының Ата-заңның 26 бабын бастапқы редакциясында қалдыруы бұқараның сөзіне құлақ асқандығы деп білеміз!

 Abai.kz

[:]