АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Астанада жоғалып кеткен 13 жастағы қыз көрші облыстан табылды[:]

[:kz]

Астана полицейлері жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында 13 жастағы Алсина Абдраеваның қайда екенін анықтады

Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметі хабарлайды. Құқық қорғаушылар жассөпірімді Қарағанды облысындағы достарының қасынан тапқан. Қыз ол жаққа автобус арқылы кетіп қалыпты.

Алдағы уақытта полиция қыз бен оның отбасын бақылауға алып, профилактикалық шаралар өткізбек. Еске салсақ, қыз 9 қыркүйек күні жоғалып кеткен еді.

Источник: Stan.kz

[:]