АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Аштық пен шаш ұзындығының қандай байланысы бар?[:]

[:kz]

Бразилия ғалымдары аш қалу арқылы шаштың ұзаратынын дәлелдеді.

Мұндай дәлел кеміргіштердің екі тобын бақылау нәтижесінде туған. Бір тобын аш күйінде қалдырып, келесі топтың тамақтану режиміне ерекше көңіл бөлінді. Жарты жол ішінде дұрыс тамақтанбаған тышқандар тобының салмағы әлдеқайда жеңілдеген, одан бөлек кеміргіштердің терілерінің қалыңдығы, шаштарының тығыздығы мен ұзындығы артты. Сондай-ақ терідегі қан тамырларының ұзындығы біршама артқаны байқалған.

Ғалымдардың пікірінше, мұндай өзгерістер кеміргіштердің жаңа тамақтану режиміне бейімделгенінен кейін болған. Олар тұрақты дене температурасын ұстап тұру үшін жылуды азайта бастайды, соның салдарынан шаштары ұзарады.

Бразилиялық мамандар аталмыш қорытындылардың адам баласына да қатысы бар екенін хабарлады.

«Қамшы» сілтейді

[:]