АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматылық оқушылардың көктемгі каникулы Универсиадаға байланысты өзгерді [:]

[:kz]

188ed84c8d775b6325b9f34408_1_Алматыдағы мектеп оқушыларының Универсиаданы тамашалауға мүмкіндігі болады. Оларға 30 қаңтардан 8 ақпанға дейін демалыс жарияланды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Алматыда өтетін Дүниежүзілік Универсиадаға санаулы күндер қалып отыр, оңтүстік астана жылдың ең ірі оқиғасына жіті дайындық үстінде. Бұл білім беру саласына да қатысты, Универсиаданы өткізуге байланысты Алматы қалалық мектептерінде оқитындарға 30 қаңтар мен 8 ақпан аралығында қосымша демалыс енгізу туралы шешім қабылданды», — деді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, барлық елде осындай халықаралық ірі әрі маңызы бар жарыстар кезінде осындай шаралардың қолданылатыны айтылады. Оның мақсаты — жергілікті оқушылардың жарыстарды тамашалау үшінбаруға мүмкіндігі болып, оларды салауатты өмір салтына баулып, спортты халыққа тарату, оқиғаның бір бөлігі екенін сездіру. Алматыдағы мектеп оқушылары да енді осы оқиғаны тамашалай алатын болды.

Алматы қалалық білім бөліміндегілердің айтуынша, бұл демалыстар Наурыз мейрамы күндеріне әсер етпейді. «21, 22 және 23 наурызда алматылық оқушылар қазақстандық басқа оқушылар секілді демалады. 24 наурыз бен 1 сәуір аралығында оқушылар оқуын жалғастырып, 1 сәуірде оларға тоқсандық бағалар қойылады. 4 сәуірде 4-ші тоқсан басталады», — деді ҚР БҒМ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетейік, бұл өзгеріс Алматыдағы жоғары оқу орындары мен колледждердің сабақтар кестесіне әсер етпейді.
 https://kaz.tengrinews.kz/

[:]