АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыға қардың рекордты мөлшері жауды [:]

[:kz]

e1969c1f7504e1cbe2a837e517fbf5d1.jpgАлматыға қардың рекордты мөлшері жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 ақпан күні кешкі 21:30-дан таңғы 7:30-ға дейін Алматыға жауған қардың қалыңдығы 2017 жылдың рекордтық мөлшері болып саналатын 20-25 сантиметрге дейін жеткен. Таулы жерлерде 30-35 сантиметрге дейін жауған. Қар жауған сәттен бастап, коммуналдық қызметтер көктайғаққа қарсы материалдарды жол бетіне сеуіп шықты. Бүгін таңғы тоғызға дейін күресінге 4490 текше метр қар шығарылды. Түнгі уақытта 3800 тонна көктайғаққа қарсы материал қолданылды.

 

[:]