АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

[:kz]Алматыда автобус қағып кеткен әйел қазақстандық әншінің әжесі болып шықты[:]

[:kz]

images (1)Әнші Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында Ресейден Алматыға келгенін және жерлеуге дайындық жүргізіп жатқанын хабарлады.

Айта кетейік, оқиға 16 қаңтарда болған. «Лайықты түрде жер қойнына тапсырамыз. Жерлеу рәсімі 18 қаңтарда өтеді. Әжем өте көңілді адам еді. Төзімді, мықты, жаяу жүргенді ұнататын. Қайырымды, әрдайым көмектесуге дайын адам еді. Әрбір адам баласына ерекше ықыласпен қарайтын. Жүзі жарқын, таза адам еді. Өкінішке қарай Құдай сондай адамдарды алады», — деді Исаков. Ол жол апаты болған күні әжесінің ХҚКО-дан жаяу үйіне қайтып келе жатқанын айтты.

Исаковтың айтуынша, марқұмның екі қызы бар. «Ол Ресей тумасы, Улан-Удэден келген. Аула сыпырушы болып жұмыс істеген, білім алып, бас есепші болды. Бар жетістікке өзі жетіп, көмек сұраған жан емес. Әрдайым бір жаққа барғысы келіп тұратын. Бізге салмақ түсіргісі келмейтін», — деді Исаков.

 

Еске салайық, осыған дейін бұл дерек бойыншаАлматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек Tengrinews.kz тілшісіне әйелді қаққан автобус жүргізушісінің 1983 жылғы ер адам екенін хабарлаған еді.

«Төле би көшесімен батыс бағытта кетіп бара жатып, Варламов көшесімен қиылысқан жерде ол солтүстік бағытта жаяу жүргіншілерге арналған жолда өтіп бара жатқан 1944 жылғы әйелді қағып кеткен. Тергеу жүріп жатыр. Оған қандай бұлтартпау шарасы қолданылатыны анықталып жатыр», — деді ол.

«Green bus company» ЖШС» директоры Бауыржан Құлышевтің айтуынша, жүргізуші 2016 жылы ақпанда жұмысқа орналасқан. «Осыған дейін ол «Алматыэлектркөлікте» жұмыс істеген. Бұл жаңадан ашылған бағыт. Жол апаты кезінде оның жылдамдығы сағатына 46 шақырым болған. Ол жаяу жүргіншіге арналған жолдан 10 метр алшақ жерден жүгіріп өтпек болған. Бірақ ереже бойынша, бұл жаяу жүргіншіге арналған жол аумағы болып саналады. Жаяу жүргіншіге арналған жолдың 15-20 метрі соның аумағына кіреді деген норма бар. Бұл біздің жүргізушінің кінәсі. Кеше оны полиция ұстап алып кетті. Ол ІІБ-де. Автобус айып тұрағына жеткізілген», — деді Құлышев.

[:]